03.07.2017, 14:10 4883

Алматыда "Балапан" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін балабақшалар саны артуда

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттіӊ жеке бала бақшаларды ашуы арқылы бюджет қаржысын үнемдейтінін, кезек қатарын қысқартатынын, ал кәсіпкерлердіӊ "Балапан" бағдарламасы аясында қолдауға ие болатындығын айтты.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда балдырғандармен кәсіби тәрбиешілер жұмыс істейтін жеке коттедждерде ашылған мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерініӊ саны артуда. Алматы әкімі қаланыӊ бірқатар мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, соныӊ ішінде "Журавушка", "i.Bala", "Panda" бала бақшаларында болды.

Көп жылдар бойына мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде педагог болған, қазіргі кезде "i.Bala" бала бақшасыныӊ директоры қызметін атқарып жүрген Самал Жұмабекова өзініӊ сөзінде коттеджді жалға алғанын, кейін сатып алатынын айтты. Бес жыл бойына бос тұрған коттедж базасы негізінде бала бақша ашу үшін 12 млн. теӊге инвестиция жұмсалыпты. Мұнда балдырғандар дәріс беру үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүреді. Самал Жұмабекова қажетті қондырғылармен және кабинеттермен жабдықталған тағы бір бала бақшаны тамыз айында ашуды жоспарлап отыр.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттіӊ жеке бала бақшаларды ашуы арқылы бюджет қаржысын үнемдейтінін, кезек қатарын қысқартатынын, ал кәсіпкерлердіӊ "Балапан" бағдарламасы аясында қолдауға ие болатындығын айтты.

Мысалы, Иуезов ауданында 2015 жылы бюджет есебінен 800 орынды 7 мемлекеттік бала бақша салынды, құрылысқа кеткен шығын көлемі 2,2 млрд. тенӊгені құрады. Ал, өз кезегінде 2016 жылы бизнесмендер қаржысы есебінен 657 орынды 21 жеке бала бақша іске қосылды, оларды салуға кеткен инвестиция көлемі небәрі 180 млн. теӊге. Демек, жеке бала бақшалар ашу есебінен 2 млрд. теӊге үнемделді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны