16.01.2007, 11:35 2972

Алматыда баспанасы бұзылуға тиіс болған бір пәтердің иесі өліп жатқан жерінен табылды

Алматыда баспанасы бұзылуға тиіс болған бір пәтердің иесі оқ тиіп өліп жатқан жерінен табылды

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда баспанасы бұзылуға тиіс болған бір пәтердің иесі басынан оқ тиіп өліп жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көршілерінің айтуынша, 48 жастағы Марат Бисебаевтың мәйіті кеше шамамен 17 сағатта табылған. Оның денесін көршілері Фурманов көшесі 118 үйдің терезесінің астынан тауып алған. Мәйіттің жанында тапанша болыпты.

Марқұмның көршілері Марат Бисебаевтың өзіне өзі қол жұмсағанын айтады. "Кеше сот мәжілісі өткен, онда "Алматыжер" компаниясының үй иелері үстінен жазған шағымы қаралған болатын. Осы сот отырысына Марат жауапкер ретінде қатысқан. Соттың қандай шешім шығарғанын біз білмейміз, бірақ сот мәжілісінен кейін оны өліп жатқан жерінен тауып алдық",-деді көршілерінің бірі.

Қазіргі кезде оның денесі қалалық мәйтханаға жеткізілді. Агенттік тілшісіне белгілі болғандай, өлімнің себебі мәйітті тексергеннен кейін анықталады.

Марқұмның көршілерінің айтуынша, олардың үйлері былайша айтқанда "алтын бұрышта" орналасқан және ол үй бұзылуы тиіс. Құрылыс компаниясы үй иелеріне пәтерлері үшін , пәтердің шынайы бағасымен сәйкес келмейтін сома ұсынуда:шамамен бір шаршы метріне 2,5 мың $ , ал бұл аудандағы нарықтық баға шамамен бір шаршы метріне 8 мың $ құрайды.

Марқұмның үйінің қасында шағын бизнеспен айналысып жүрген егде кісілердің айтуына қарағанда, соңғы кезде пәтерлерін сатуға келісім бермеген тұрғындарға қатысты қорқытулар болған. "Иуелі құрылыс компаниясынанбыз деп , ал қазір инвестормыз деп келген және "Алматыжермен" жұмыс істеп жатқан "Темір плюс" компаниясының өкілдері пәтерді сатуға мәжбүрлеп отыр, олай болмаған жағдайда пәтерден күштеп шығаратындарын айтады", дейді олар. Сонымен қатар, тұрғындардың сөзіне қарағанда, пәтерлерін бағалау да жалған өткізілген.

"Өздерін журналист ретінде таныстырған екі жас жігіт келіп, суретке түсіріп алды, ал кейін олардың бағалаушы екендері анықталды",-дейді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны