17.02.2016, 18:33 3640

Алматыда Батырхан Шүкеновтіӊ есімі жазылған киімдер сатыла бастады

2016 жылдыӊ 16 ақпанынан бастап Батырхан Шүкенов атындағы қордыӊ кеӊсесінде "Батыр Live" DVD таспаларымен қоса эксклюзивті киімдер сатып алу мүмкіндігі туып отыр

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 16 ақпанынан бастап Батырхан Шүкенов атындағы қордыӊ кеӊсесінде "Батыр Live" DVD таспаларымен қоса эксклюзивті киімдер сатып алу мүмкіндігі туып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қор өкілдерініӊ мәлімдеуінше, киімдер Батырхан Шүкенов жанкүйерлерініӊ өтінішімен тігілген. Жеӊіл жейделер мен күртелердіӊ сатыла бастағанына 1 ғана күн өтсе де, киімдер үлкен сұранысқа ие болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазақстанныӊ түрлі аймақтары мен Ресейдіӊ қалаларынан тапсырыстар келіп түсіп жатыр. Кеӊсеміз Алматыда орналасқанына қарамастан кез келген адам бізбен байланысқа шығып, тапсырысты пошта арқылы ала алады",- деді қордыӊ атқарушы директоры.

Киімдерді сатудан түскен қаржы жаӊа партияны әзірлеуге және кеӊсе шығындарына жұмсалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны