26.10.2018, 10:59 7071

Алматыда ДДҰ-ы Еуропалық желісі мэрлерініӊ саммиті болып өтті

Екі күн ішінде саммит барысында танымал ғалымдардыӊ баяндамалары тыӊдалды, өзекті мәселелер бойынша отырыстар және екі жақты кездесулер өтті.

Алматы. 24 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ "Салауатты қалалар" Еуропалық желісі қалалары мэрлерініӊ саммиті болып өтті.

100-ден астам әкімшіліктердіӊ, халықаралық ұйымдар мен медициналық қауымдастықтыӊ өкілдері бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мен денсаулық сақтау қызметіне көпшілікті кеӊінен тартудағы қалалардыӊ рөлі туралы мәселелерді талқылады.

Саммитке қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек осыдан 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясыныӊ арқасында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мәселелерініӊ денсаулық сақтау жүйесіндегі басты буындардыӊ біріне айналғанын атап өтті.

"Қазіргі кезде біздіӊ қалада 650 медицина ұйымдары жұмыс істейді, олардыӊ 70-і кеӊ профильді емханалар. Барлық мемлекеттік мекемелер цирфлық форматқа көшкен және заманауи қондырғылармен жабдықталған. Экономиканыӊ дамуы тұрмысты түзетті, нәтижесінде Алматы тұрғындарыныӊ өмір сүру жасы Орта Азиядағы еӊ жоғары көрсеткішке жетті. Бүгінгі күні мегаполис "өӊірлік магнитке"айналған, өмір сүру, бизнесті жүргізу, білім алу үшін өте тартымды, бірақ жоғары миграциялық қысымға да ие", - деді Бауыржан Байбек.

Мысалы, сарапшылардыӊ болжамы бойынша 2035 жылға қарай Алматы тұрғындарыныӊ саны 3 млн. адамнан асады деп күтілуде. Ал бұлардыӊ барлығын сапалы жұмыс орнымен қамту қажет, қоғамдық көлікті пйдаланатын жолаушылар 4 есе, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер 3 есе көбейеді екен. Соған қарамастан, жеке көлік саны 600 мыӊ болып, қазіргі деӊгейінде қалуы тиіс.

Жалпы, Алматы "Қала адамдар үшін" принципі бойынша жүйелі түрде модернизациялануда. Залалды заттар кеӊістігі тарылуда, қоғамдық көлік, заманауи велоинфрақұрылым және басқалары дамуда.

Жақын арада Алматыдағы жеке сектор газбен 100% қамтылады. Биыл итальяндық технология бойынша қоқыс сұрыптайтын кешен жұмысын бастады, ол қоқысты утилизациялауда қаланыӊ сұранысын түгел жабады.

"Инновациялық экологиялық ортаны қалыптастыру, ОЭСР елдері үлгісінде сапалы білім мен денсаулық сақтауды жүзеге асыру - біздіӊ маӊызды міндеттеріміздіӊ бірі. Осы орайда сапалы, жоғары дамыған медициналық қызмет көрсетудегі өзге қалалардыӊ тәжірибелері бізге өте қызық. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және жаӊа идялардыӊ өмірге келуіне ықпал етеді", - деп атап өтті мегаполис әкімі.

Өз кезегінде ДДҰ-ы Еуропалық бюросыныӊ өӊірлік директоры Жужанна Якаб алқалы шараныӊ қалалардағы денсаулық сақтау саласындағы қиындықтарды жою жолдарын тақылайтынын және "Салауатты қалалар" желісі қызметініӊ нақтылы бағыттарын анықтайтынын атап өтті.

"Біз саммиттіӊ негізгі бағытттарын ескереміз. Оныӊ үстіне ертеӊ желі қызметініӊ жүзеге асуына ниет білдіруші мэрлердіӊ Алматы үндеуі қабылданады. Бұл Астанада қабылданантын бастапқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудіӊ жаһандық декларациясыныӊ алғашқы қадамы болады. Барлық көшбасшыларды жергілікті және жаһандық деӊгейде қалалардыӊ салауатты болашағын қамтамасыз ету жолында саяси көргендік танытуға шақырамын", - деді Ж.Якаб.

Екі күн ішінде саммит барысында танымал ғалымдардыӊ баяндамалары тыӊдалды, өзекті мәселелер бойынша отырыстар және екі жақты кездесулер өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны