03.05.2011, 12:45 3957

Алматыда дүрбелең туғызудың негізі жоқ

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жақын күндері қатты жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы Сейсмология институының мамандары хабарлаған.

Алматы. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда дүрбелең туғызудың негізі жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жақын күндері қатты жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы Сейсмология институының мамандары хабарлаған.

Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 1-і күні Алматыда бірнеше мәрте жер сілкінісі сезілген болатын. Оның алғашқысы таңғы 8.31-де тіркелген еді. Бұның артынан алматылықтар арасында қуаты 9-12 балға дейін жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат тарап, халықтың көпшілігі көшеге шығып кетті. Бұнымен қатар үрейлі әңгімелер тарауы салдарынан Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен сейсмология институтының басшылары түнгі сағат 24.00-де Алматы телеарнасы арқылы тікелей эфирге шығып, еш қауіптің жоқтығын түсіндіруге мәжбүр болды. Сейсмология институының директоры Таңатқан Абақановтың айтуынша, алдағы уақытта қуатты жер сілкінісінен қауіптенуге негіз жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны