21.05.2018, 20:54 7972

Алматыда есепке алу және бақылау мақсатында "Электрондық ПИК" қосымшасы жасалды

Бұл есептеуіштерді кез-келген тұтынушы үйден шықпай-ақ көре алады. Кондоминиумдардыӊ жұмысын да алыстан бақылауға болады. Ол үшін мегаполисте "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасыныӊ шеӊберінде "Электрондық ПИК" қосымшасы жасалды.

Алматы. 21 мамыр Kazakhstan Today - Алматыдағы екі мыӊнан астам көп қабатты үйдіӊ тұрғындары жылу мен ыстық су үшін ақыны асыра төлеумен келеді. Оған жалпы үй бойынша өз есепке алу құралдарыныӊ жоқтығы себеп болуда. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша жеті мыӊнан астам үй мұндай құралдармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Бұл есептеуіштерді кез-келген тұтынушы үйден шықпай-ақ көре алады. Кондоминиумдардыӊ жұмысын да алыстан бақылауға болады. Ол үшін мегаполисте "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасыныӊ шеӊберінде "Электрондық ПИК" қосымшасы жасалды.

Ирбір пәтерге қанша жылу берілді, ай сайын қандай көлемдегі ыстық су жұмсалды. Мұндай мәліметтерді есептеу құралы әр сағат сайын есептеп отырады, "ақылды жүйе" судыӊ температурасы мен қысымын да қадағалап отырады. Бұныӊ барлығы абоненттердіӊ тек шығындаған көлем үшін ғана ақы төлеуі үшін жасалып отыр.

Бұл жүйе "Жалпы үй бойынша есепке алу құралы" деп аталады, ал құралдыӊ басты тетігі - шағын ғана қара жәшікте. Ол мәліметтердіӊ барлығын арнаулы серверге жолдап отырады".

Мәліметтер базасы тәулік бойы жұмыс істейді, ПИК өкілдері келіп түсетін ақпаратты әрбір сағат сайын қадағалап отыруға тиіс. Егер жүйеде ақау туындаса немесе әлдекімніӊ пәтерінде есепке алу құралы өшірілген болса, жүйе дабыл қағады. Мұндайда ақауды бірден жою қажет, әйтпегенде тұтынушылар артық ақша төлеуге мәжбүр болады.

"Бұл тиімді жүйе. Неге дейсіз ғой? Өйткені, үйге қанша гегакалория жылу берілді, мысалы, жылыту жүйесініӊ температурасы қандай, 60 градус па, немесе 80 немесе 90 градус па? Тұрғындар батареяға келген жылу температурасы үшін ақы төлейді. Ыстық судыӊ құны да температураға байланысты. Бұрын қалай еді, пәткерде айталық, пәтер жалдаушы 10 адам тұрады, бірақ үйде бір адам тіркеуде тұрғандықтан бір адам үшін ақша төлейтін. Ал қазір есептеуіш құралдары болғандықтан, олар осы 10 адамныӊ нақты жұмсаған су көлемі үшін ақша төлейтін болады деген сөз", - деді "Орбита-1" ПИТК (пәтер иелері тұтынушылар кооперативі) төрайымы Галина Потешкина.

Серверде бұл есептеуіш құралдарыныӊ мәліметтерін ешкім де өзгерте алмайды, жүйеге тек жылушылар ғана қол жеткізе алады, онда да олар тек мәліметтерді көшіріп алып талдау үшін ғана қолжетімділік алады. Бүгінгі күні мұндай есептеуіш құралдары жеті мыӊ үйде жұмыс істейді. Ал екі мыӊнан астам үйдіӊ тұрғындары жылу мен ыстық судыӊ бағасын ескі жүйе бойынша төлеумен келеді, яғни, ондайда жалпы сома кімніӊ қанша су тұтынғанына қарамастан, тұтынушылардыӊ арасына теӊ бөлінеді.

"Ирбір есептеуіш құралына қызмет көрсетіледі, шын мәнісінде бұл абоненттердіӊ ақшасын есептейтін банкнот санауыш деуге болады. Егер ол қараусыз қалса, онда біріншіден, тұтынудыӊ артқанын, немесе нөлденгенін көрсетуі мүмкін, сол себепті құралдыӊ өзін және GSM модемніӊ көмегімен күнделікті бақылап отыру қажет, енді оны бақылау оӊайлана түсті, өйткені Алматы жылу желілерініӊ веб-сайтына кіру арқылы көрсеткішті қарап алуға болады", - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС жылу энергиясын есепке алу құралдарын бақылау секторыныӊ бастығы Дмитрий Федюков.

Есептеуіш құралдардыӊ көрсеткішін қадағалау, тұрғын үйді күтіп ұстау шығындарын бақылап отыру және кондоминиум басшыларымен хабарласу. Мұныӊ барлығын да тұтынушылар алыстан іске асыра алады. Мұнда да көмекке "Электрондық ПИК" қосымшасы келеді. Ол келесі жылы іске қосылады деп жоспарланған, қазір бағдарлама жұмыс істейтін жүйе жасалып жатыр.

"Біз мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі негізінде ПИК арқылы тұрғындарға электрондық қызмет көрсетуді қолданысқа енгізуге тырысатын боламыз. Яғни, кез-келген үйдіӊ тұрғыны өтінімді электрондық түрде жолдай алады, ПИК-тіӊ кез-келген бір шешімі үшін электрондық жолмен дауыс бере алады, ПИК есебін өз порталынан көре алады, сол себепті, меніӊше, бұл тұрғын үйлерге қызмет көрсету секілді бизнесті жүргізудіӊ ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тағы бір қадам деп білемін", - деді Алматы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасыныӊ бастығы Инуар Өскенбаев.

Айта кетерлігі, бұл бағдарламаныӊ арқасында ПИк басшыларыныӊ өздері де тұрақты бақылау астында болмақ. Өткен жылы тексеріске ұшыраған 260 кооперативтіӊ 104 төрағасы жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны