29.09.2015, 18:45 4198

Алматыда "Форсаж" ұйымдастырғандар бұзақылық жасағаны үшін де айыпталып отыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция "Lexus IS" тізгіндеген 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен "Мицубиси Лансер" тізгіндеген 23 жастағы Мамедов Афганныӊ әрекетінен бұзақылық белгілерініӊ көрініс бергенін алға тартып, ҚР ИҚбК 434 бабы бойынша да хаттама толтырды.

Алматы. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Полиция "Lexus IS" тізгіндеген 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен "Мицубиси Лансер" тізгіндеген 23 жастағы Мамедов Афганныӊ әрекетінен бұзақылық белгілерініӊ көрініс бергенін алға тартып, ҚР ИҚбК 434 бабы бойынша да хаттама толтырды. Өндірістік іс Медеу аудандық ІІБ қарауына жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айта кету керек, Алматыда бірнеше көлік әл-Фараби көшесініӊ бойында тұтас жолды бітеп, "форсаж" ұйымдастырған болатын. Кейін белгілі болғандай, олар той кортежініӊ қатысушылары болып шықты. Жол бойындағы "дрифт-шоу" бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қалалық полиция көлік қозғалысына кедергі келтірген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты.Нақтырақ айтқанда, 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен 23 жастағы Мамедов Афган әкімшілік кодекстіӊ 7-бабы бойынша айыпқа тартылды. "Lexus IS" тізгіндеген 26 жастағы Құрбанов Тамаз ҚР ИҚбК 606-бабыныӊ 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614-бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590 -бабыныӊ 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу) бойынша жауап беретін болады. Ал "Мицубиси Лансер" тізгіндеген 23 жастағы Мамедов Афганға қатысты әкімшілік полиция басқармасымен 4-бап бойынша: ҚР ИҚбК 606 бабыныӊ 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590-бабыныӊ 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу), 601-бабыныӊ 1-тармағы (жол белгілеріне назар аудармау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды .Сондай-ақ, ашық жолды әдейі бітеп, қасақана жылдамдықты азайтқан той кортежініӊ тағы үш көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ИҚбК 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру) хаттама толтырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны