07.08.2018, 17:11 8067

Алматыда халықаралық ARTBAT FEST'9 заманауи өнер фестивалі өтеді

24 тамызда Алматыда өз жұмысын жыл сайынғы халықаралық ARTBAT FEST'9 заманауи өнер фестивалі бастайды. Фестивальді ұйымдастырушы - 2011 жылы құрылған "Еуразиялық Мәдени Альянс" Қоғамдық қоры.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - 24 тамызда Алматыда өз жұмысын жыл сайынғы халықаралық ARTBAT FEST'9 заманауи өнер фестивалі бастайды. Фестивальді ұйымдастырушы - 2011 жылы құрылған "Еуразиялық Мәдени Альянс" Қоғамдық қоры.

Фестиваль аясында мамыр айынан бастап жас қазақстандық суретшілерге арналған кезекті Көркем ым мектебі жұмыс істейді. Суретшілер қалалықтарға сегіз көрме жобасын ұсынады. Сонымен қатар, Ресейден, Үндістаннан, Изірбайжаннан, Швейцариядан келген суретшілердіӊ көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде "Заманауи алматылықтыӊ портреті" атты көркемдік зерттеу жүргізіліп жатыр, зерттеудіӊ нәтижелері ARTBAT FEST фестивалінде көрсетіледі. Халықаралық "Арт проспект" жобасы аясында Алматыдағы резиденцияға белорус пен армян суретшілері келіп, фестивальға өз жұмыстарын ұсынады.

Фестивальдыӊ паблик арт жобасы халықаралық еуропалық ARTECITYA бағдарламасына енді. Оныӊ кураторлары француз сәулетшісі Simon Jacquemin (Симон Жакмин) мен словениялық суретші Martin Bricelj Baraga (Мартин Брикель Барага). Биылғы паблик арт жобаныӊ тақырыбы - "Су ағыны".

- Былтырғы жылы Симон екеуміз Алматыға бірінші рет келген кезде, бізді бұл қаланыӊ батыстыӊ қалаларынан және посткеӊестік өзге қалалардан ерекшеліктері аса қызықтырды, біз сол ерекшеліктерді түсінуге тырыстық. Біздіӊ көзіміздіӊ жеткені - су, Алматыныӊ тұрмыс-тіршілігі үшін, аса маӊызды элемент екен. Қаланыӊ ішіндегі арықтардыӊ желісі, таудағы селге қарсы қоршаулар, тау өзендері - су Алматыда ерекше мәртебеге ие және оныӊ жеке инфрақұрылымы бары анық. Сол себепті, алматылықтар көретін барлық инсталляциялар бір мәнінде сумен байланысты болады, ал кейбірі - тіпті, судыӊ көмегімен жұмыс істейді, - деп бөлісті паблик арт жобаныӊ кураторы Мартин Брикель Барага.

Сәтпаев көшесінен бастап Құрманғазы көшесіне дейін, Есентай өзенініӊ бойында, он инсталляция орнатылады. Олардыӊ авторлары - Қазақстанныӊ, Словенияныӊ, Италияныӊ суретшілері. Екі туынды - паблик арт жоба кураторларыныӊ бірлескен шығармашылығыныӊ жемісі.

- Словениядан келген BridA арт-тобы интерактивті көпір салады. Итальяндық суретші Марко Баротти "Аққулар" атты музыкалық кинетикалық инсталляциясын құрады. Ал қазақстандық сәулетші Исел Есжанова өз инсталляциясын Арал теӊізі маӊындағы жағдаймен байланыстырады. Былтырғы Венециялық биенналеніӊ қатысушылары, атақты қазақстандық суретшілер - Елена мен Виктор Воробьевтар да өз жобаларын ұсынады, - деп мәлімдеді ARTBAT FEST директоры Ольга Веселова.

Фестиваль аясында өтетін тағы да бір іс-шара - қала ортасына өнердіӊ әсер ету мәселелеріне арналған симпозиум. Симпозиумға қатысушылар - түрлі елдерден келген суретшілер мен сәулетшілер - қалалық өнер мен дизайн жобаларын құру тәжірибесімен бөліседі, қалалық ортаға өнерді енгізу мүмкіндіктерімен бөліседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны