06.04.2018, 23:15 10580

Алматыда Халықаралық құстар күніне арналған іс-шара өтті

Қазақстанда 500-ден астам түрі болса, Алматыда шамамен 300-дей түрі байқалған. 1906 жылғы 1 сәуірде табиғатты қорғау конвенцияларыныӊ бірі - Құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылған

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 6 сәуір күні Алматыдағы Баум тоғайында Халықаралық құстар күніне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Көктемніӊ келуініӊ басты белгілерініӊ бірі - құстардыӊ қайта оралуы. Сәуір айында көптеген құстар өздерініӊ мекеніне, ұяларына қайтып келеді. Дүниежүзінде 8,5 мыӊнан астам құстыӊ түрлері бар. Қазақстанда 500-ден астам түрі болса, Алматыда шамамен 300-дей түрі байқалған. 1906 жылғы 1 сәуірде табиғатты қорғау конвенцияларыныӊ бірі - Құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылған" - деді орнитолог Анатолий Ковшарь.

Мерекелік шараныӊ мақсаты: балаларды табиғатты сүюге, құстарды аялауға және құстарға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Шараға Алматы қаласыныӊ әр ауданынан командалар және Жас натуралистер станциясынан команда, барлығы 120-дан астам адам қатысты.

Іс-шараныӊ шеӊберінде оқушылар тоғайдыӊ аумағына қолдан жасалған ұяларды ілді, олар құстардыӊ биологиялық ерекшеліктері туралы өз білімдерін "Құстар білімпазы" экоквест-сайысында көрсетті. Сонымен қатар, "Құстар қаласы" қалалық бағдарламасыныӊ қорытындысы шығарылды, онда құстарға еӊ үздік бақылау жүргізу, құстыӊ жем салатын астауында отырған үздік фото-суреттер атап өтілді және қыс мезгілінде құстарды тамақтандырған үздіктер анықталды.

Мерекелік шараны ұйымдастырғандар: Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, "Медеу" Мемлекеттік өӊірлік табиғат паркі, Алматы қаласы Білім басқармасыныӊ Жас натуралистер станциясы, деп хабарлайды Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ баспасөз хатшысы Айжан Кенжебекова.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны