02.08.2018, 17:54 4039

Алматыда I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді

Алматыда Қала күні мерекесіне орай тұӊғыш рет I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді

Алматы. 2 тамыз. KazakhstanToday- Алматыда Қала күні мерекесіне орай тұӊғыш рет I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді.

Кинофестиваль режиссер Серей Дворцевойдыӊ "Айка" әлеуметтік драмасыныӊ тұсаукесер көрсетілімімен ашылады. Фильмде басты рөлді ойнаған қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-інші Канн кинофестивалінде еӊ үздік әйел рөлі номинациясы бойынша бас жүлдені жеӊіп алған болатын.

Almaty Film Festival кинофестивалін Astana Film Fund Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырып отыр. Оныӊ президенті - танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев. Фестиваль "Мәдениеттердіӊ жақындасуы" девизімен өтеді. Кинофорум кинематографистердіӊ халықаралық ынтымақтастығын дамытуға және Алматыға халықаралық жобаларды тартуға бағытталған. Шара еліміздіӊ мәдени және туристік орталығы ретінде Алматы қаласыныӊ имиджін халықаралық деӊгейде өркендетуде үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Almaty Film Festival президенті, кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер Ақан Сатаев былай дейді: "Казақстандық кинематограф қазіргі уақытта трансформацияныӊ бұрын-соӊды болмаған таӊғажайып кезеӊін бастан кешіруде. Біздіӊ көрермендерімізге қызықты есімдер жыл сайын көбейіп келеді және олар шетелдерде де танымал болуда.

Almaty Film Festival біздіӊ қаламыздыӊ әлеуетініӊ кеӊ қанат жаюына септігін тигізбек, сондықтан негізгі конкурс өздері үшін киноөндірістіӊ, кoпродукцияныӊ жаӊа мүмкіндіктерін ашатын әртүрлі елдердіӊ киноиндустриясы өкілдерініӊ ынтымақтастығын дамытуды мақсат етеді".

Ақан Сатаев сонымен бірге осындай ауқымдағы мәдени шаралар киноөнер арқылы бұқаралық мәдениет деӊгейін көтеруге, еӊ талғампаз көрермендерді де таӊқалдыруға қабілетті болатынын атап өтті.

Almaty Film Festival бас продюсері Эрнар Курмашев: "Almaty Film Festival - бұл "қызыл кілем", әлемдік кинопремьералар, отандық және шетелдік киножұлдыздар! Тек бұл ғана емес!

Негізгі міндет-түсірілімдер үшін еӊ әдемі локациялардыӊ бірі ретінде біздіӊ ару қаламыз туралы әлемдік киноқауымдастыққа жеткізу.

Алматы және Алматы облысы - тек отандық ғана емес, сонымен бірге әлемдік кино түсіруге таптырмайтын өӊір.

Бұлтсыз шуақты 200-ден аса күн, шөл даладан басын мәӊгілік қар жапқан тауларға дейінгі бес климаттық зона, Шарын, Алтын Емел, Қайыӊды, Іле Алатауы сияқты ғажайып мекендер тариха драмадан фэнтэзиге дейін түсіруге мүмкіндік береді.

Біз атақты әлемдік продюсерлер мен режиссерларды шақырып отырмыз. Біздіӊ бизнес форум аясында отандық киноны дамытудыӊ болашағы, шетелдерге экспорт жасау мәселесі, кинематографтыӊ қаланыӊ туристік әлеуетін дамытуға ықпалы кеӊінен талқыланады.

Илемдік киноидустрияныӊ майталман шеберлері өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Халықаралық кинофестиваль Алматыда қала күнін мерекелеу бағдарламасындағы еӊ бір есте қаларлық оқиғаға айналатынына сенімім мол".

Кинофестиваль жұмысыныӊ аясында, 15-19 қыркүйек аралығында 5 күндік өте тартымды бағдарлама қарастырылған. Қызыл кілем үстімен отандық және әлемге танымал киноиндустрия жұлдыздары өтеді. Кинофестивальдыӊ қазылар алқасы құрамында "Айка" фильмініӊ продюсері Гүлнар Сәрсенова, франциялық продюсер Пьер Спенглер ("Супермен"), 1981 жылғы "Алтын глобус" сыйлығыныӊ иегері, еуропалық беделді "Cesar" сыйлығыныӊ бірнеше дүркін номинанты, "DeutscherFilmpreis" (1975, 1983) сыйлығыныӊ лауреаты, неміс актрисасы Настасья Кински бар. Актриса "Тэсс" (1979) фильмінде басты рөлді және Вим Вендерстіӊ фильмдерінде ойнаған.

Қазақстандық актерлардан - Канн сыйлығыныӊ иегері Самал Еслямова; талантты әнші және актриса Исел Садуақасова; актер Фархат Абдраимов; сценарист және актер Илішер Утев; актер, режиссер, продюсер, орындаушы продюсер, актер Серік Ибішев және т.б.

Негізгі конкурстыӊ тақырыбы- "Мәдениеттердіӊ жақындасуы". Ол екі және одан да көп елдердіӊ копродукциясы болып табылатын 2018 жылғы кинокартиналарды ұсынылады.

Негізгі конкурс фильмдері мына номинацияларға ұсынылады және осы бойынша жүлделер тағайындалады: "Гран-при", "Еӊ үздік режиссерлік жұмыс үшін", "Еӊ үздік ер адам рөлін сомдағаны үшін", "Еӊ үздік әйел рөлін сомдағаны үшін", "Жюридіӊ арнайы сыйлығы". Сонымен бірге конкурстан тыс бағдарламалар да ұсынылады: ЮНЕСКО-мен бірлесе отырып "Мәдени және табиғи мұра, туризм және спорт", City in motion бағдарламасы, "Отбасылық және балалар киносы", "Ерекше оқиға".

Фестиваль шараларыныӊ шеӊберінде бизнес-форум өткізу жоспарланған, оныӊ аясында дөӊгелек үстелдер, панелдік дискуссиялар, шеберлік-кластары өтеді. Жобалар питчингі қаржылық сыйлыққа ие болатын және одан ары өркендеуіне қолдау көрсетілетін жеӊімпазды анықтайды. Бір жылдан соӊ оныӊ фильмін отандық прокаттан көруге болады.

Қонақтар мен қазылар алқасы арасында жетекші халықаралық және жергілікті кинокомпаниялардыӊ, ассоциациялардыӊ, дистрибьюторлық компаниялардыӊ басшылары мен өкілдері, қоғам қайраткерлері, сонымен бірге қазақстандық және отандық кинематографистер болады.

Көрермендерге арналған фильмдердіӊ барлық көрсетілімдері және кинофестивальдыӊ бизнес-шаралары тегін болады, алдын-ала аккредатация бойынша.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны