27.06.2012, 11:32 3211

Алматыда индустрияландыру картасы бойынша 28 жоба жүзеге асырылуда

Бұл жайлы қала әкімі Ахметжан Есімов кеше индустрияландыру картасына қатысатын бірқатар өндірістік нысандарды аралаған кезде айтты.

Алматы. 27-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда индустрияландыру картасы бойынша 2010 жылы - 4, 2011 жылы - 9 жоба жүзеге асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайлы қала әкімі Ахметжан Есімов кеше индустрияландыру картасына қатысатын бірқатар өндірістік нысандарды аралаған кезде айтты.

Алматыда қазір индустрияландыру картасы бойынша 28 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың жалпы сомасы - 485,2 млрд. теңгені құрайды. Былтыр 171,5 млрд. теңгенің - 9, ал алдыңғы жылы 51,9 млрд. теңгенің 4 жобасы іске асырыла бастады.

"Осы жылдар ішінде біз электрмен тұрақты қамтамасыз ету үшін 20-дан астам шағын станса салдық. Қаланы электрмен қамтамасыз етуді жетілдіру әлі де жалғасуда. Сіздерде өндіріс көлемінің ұлғаюы - бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі", - деді Ахметжан Есімов.

Индустрияландыру картасы тізімінде бірінші болып "Viva Pharm" компаниясы тұр. 120 адамды жұмыспен қамтамасыз еткен бұл компания жылына вирусқа және аллергияға қарсы 15 млн. таблетка мен 5 млн. дана капсула болатын дәрі шығарады. Сондай-ақ бюджетке салық түрінде 1 млн. теңге қаржы түсіреді. Мемлекеттік қолдауға ие болған "ПВХ+Драйбленд" ЖШС болса жыл сайын 100 мың текше метр труба мен 8,5 мың дана бұйым шығарады. Ағымдағы жылы аталмыш өндіріс орны жыл басынан бері 6 млн. 365 мың теңге салық төледі. Ал "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына қатысушы "Алматының көпір конструкциялары заводы" ЖШС 420 млн. теңге салық төледі. Инфрақұрылымы дамыған бұл кәсіпорында 510 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны