02.06.2015, 13:15 4106

Алматыда инкассаторларға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Алматыда "Рем-Кран" ЖШС инкассаторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Қарақшылық шабуыл 8 мамырда Наурызбай ауданында орын алған болатын. Үш ер адам компанияныӊ қызметкерін "Оса" травматикалық тапаншасымен жаралап, салдарынан 64 жастағы ер адам қаза болды

Алматы. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Алматыда "Рем-Кран" ЖШС инкассаторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Қарақшылық шабуыл 8 мамырда Наурызбай ауданында орын алған болатын. Үш ер адам компанияныӊ қызметкерін "Оса" травматикалық тапаншасымен жаралап, салдарынан 64 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабына бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы шабуылға үш ер адамныӊ қатысы барын анықтады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Олар ЖШС қызметкерлерініӊ жүру маршрутын анықтап, күзет шаралары қамтылмаған ұрымтал сәтті күткен. Қазір Алматы облысыныӊ 36 жасар және 31 жасар тұрғыны ұсталды. 36 жастағы Е есімді тұрғын осыған ұқсас қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке бұрын да тартылған. Үшінші адамныӊ кім екендігі тексеріліп жатыр", - деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасыныӊ басшысы Жанболат Зиадин.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны