17.04.2017, 18:20 4725

Алматыда IT Meetup Kazakhstan сарапшыларыныӊ бейресми кездесуі өтті

Қазақстанда IT мамандарын 84 жоғары оқу орындары мен 200 колледж дайындайды, бұл мамандықта барлығы 32,5 мыӊ адам білім алып жатыр. Шамамен 3 млрд теӊге грант үшін бөлінеді.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда IT Meetup Kazakhstan сарапшыларыныӊ бейресми кездесуі өтті.

Іс-шара Қазақстандағы IT-экожүйесініӊ сәтті дамуына бағытталған және осыған қатысты барлық мәселелер спектрін қамтыды. Бағдарлама негізгі үш тақырыптан тұрды: IT-білім беру, IT-саласын қаржыландыру, IT үшін технопарктер мен инфрақұрылымды дамыту. Ауқымды шараны "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен MOST бизнес-инкубаторы мен techpreneurs ұйымдастырды. IT Meetup Kazakhstan конференциясына жүзден астам қатысушы келді: компаниялар, танымал стартаперлер, бизнес-инкубаторлар, интернет-қауымдастықтар, технопарктар мен мемлекеттік институттар.

"Атамекен" ҰКП жанындағы IT және стартап экожүйесін дамыту жөніндегі кеӊестіӊ мүшесі Мағжан Мәдиев елімізде IT дамуы үшін ірі бизнесті тартып, оны коммерциялық тиімділігімен және жоғары табысымен қызықтыру керек деп есептейді. "Шешілмеген мәселе өте көп. Қазақстанда венчурлық нарық жылына 10 млн доллардан аспайды. Бұл сома IT саласы дамыған елдерден 100 есе аз. Жеке немесе мемлекеттіӊ қолдауымен акселераторлар, инкубаторларды құрып, дамыту қажет. Жобаларды бастапқы кезеӊде қолдау керек. Қазқастанда талантты мамандар шығып келеді. Бірақ үздіктердіӊ үздігі шет елге кетіп жатыр. Біз жұмыс беруші ретінде маман тапшылығын сезініп отырмыз. Елбасы Экспо көрмесінен кейін Астана халықаралық қаржы орталығыныӊ базасында IT технопаркін құруды тапсырды. Біз осы технопаркке көп үміт артып отырмыз", - деді Мағжан Мәдиев. Сонымен қатар ол бүгінді Білім және ғылыми министрімен IT мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарыныӊ оқу бағдарламаларын нарықтыӊ сұранысына қарай өзгерту жұмыстары дайындалып жатқанын айтты. Оныӊ айтуынша, біздіӊ елімізге веб-бағдарламашылар, мобильді құрастырушылар, инернет-маркетологтар мен талдаушылар, IT-кәсіпкерлер мен менеджерлер жетпейді.

"Қазақстанда IT мамандарын 84 жоғары оқу орындары мен 200 колледж дайындайды, бұл мамандықта барлығы 32,5 мыӊ адам білім алып жатыр. Шамамен 3 млрд теӊге грант үшін бөлінеді. Бүтіндей білім беру әскері. БІлім министрімен болған кездесудіӊ бірінде ақтөбелік жас маман жоғары оқу орындарыныӊ мамандарын тестілеуден өткізгенін, жүздіӊ ішінен нарық талабына сай келетін бір ғана маман шыққанын айтты. IT стартаптар мен экожүйені дамыту бойынша кеӊес құрдық, оныӊ құрамына нарықтағы таысты компания кірді. Илемдік нарыққа бәсекелесе алатын жаӊа интернет-стартаптарды шығаруды, Қазақстандағы барлық computer-aided-салаларын күшейтетін үздік мамандардыӊ дайындауды мақсат тұтып отырмыз", - деп ой бөлісті "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Анықтама үшін: "Атамекен" ҰКП жанынан құрылған Стартап және IT-экожүйесін дамыту кеӊесі - IT саласыныӊ өзекті мәселелері көтерілетін және талқыланатын алаӊ. Кеӊестіӊ басты міндеттерініӊ бірі - Қазақстанда заманауи ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға жағдай жасау, оныӊ кибер-қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық IT-компаниялардыӊ құрамдық корпусын қалыптастыру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны