02.09.2009, 15:23 3409

Алматыда Ядролық және радиациялық физика жөніндегі VII халықаралық конференция өтеді

Алматыда Ядролық және радиациялық физика жөніндегі VII халықаралық конференция өтеді

Алматы. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Ядролық және радиациялық физика жөніндегі VII халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда 2009 жылдың 8 - 11 қыркүйегінде ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының базасында "Ядролық және радиациялық физика" тақырыбында VII халықаралық конференция өтеді". Бұл шараны әдеттегідей ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, сондай-ақ, ҚР Ұлттық ядролық орталығының салалық институттары ұйымдастырып отыр.

Конференцияға қатысатындығы жөнінде АҚШ, Ресей, Жапония, Корея, Түркия, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Малайзия, Изербайжан, Польша, Үндістан, Тәжікстан, Грузия, Германия, Ұлыбритания, Словакия, Нигерия секілді 19 елден 280 өтініш түскен.

Конференцияда Қазақстан Республикасында атом саласының дамуы жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша баяндама мен соған қатысы бар Қазақстанда ядролық отын циклінің даму стратегиясы мен тактикасы жөніндегі мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны