08.08.2018, 20:15 6838

Алматыда қала күні шеӊберінде Kitapfest атты еӊ ауқымды фестиваль өтеді

Kitapfest Фестивалі - еліміздегі аса ірі мегаполистіӊ кітапсүйер қауымын жыл сайын біріктіретін, Алматы өміріндегі ірі мәдени бұқаралық оқиға болып табылады.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today- Алматыда қала күні шеӊберінде Kitapfest атты еӊ ауқымды фестиваль өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Фестиваль қала күні аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ алдындағы алаӊда өтетін болады. Kitapfest бұл алаӊда қазақстандық жазушыларды, ірі кітап дүкендерін, кітапханалар мен баспагерлерді, жас авторларды бір жерге тоғыстырады. Кітап фестивалініӊ қонақтары кітап көрмесін, аса ірі кітап алмасу қызметін, қазақстандық жазушылармен кездесулер және шеберлік сабақтары, байқаулар мен науқандар, көркем оқу, ірі кітап баспагерлерініӊ және кітап дүкендерініӊ жәрмеӊкелерін, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларын тамашалайды.

"Бауыржан" қайырымдылық қорыныӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, іс-шара қазақстандықтар арасында кітап оқуды насихаттау және қазақстандық әдебиеттіӊ мәртебесін көтеру мақсатымен өткізілмек.

Kitapfest Фестивалі - еліміздегі аса ірі мегаполистіӊ кітапсүйер қауымын жыл сайын біріктіретін, Алматы өміріндегі ірі мәдени бұқаралық оқиға болып табылады.

Еске сала кетейік, Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында тамыздан қыркүйекке дейін 90-нан астам шара жоспарланған.

Бұлардыӊ барлығы дәстүрге айналған мәдени- бұқаралық шаралар, олар: "Алматы Көктөбе Опера" классикалық музыка фестивалі, ашық аспан астындағы "Оркестрлер фестивалі", "KITAP FEST" кітап фестивалі, "Отбасы күні", "Гәкку даусы" қазақстандық сыйлығы, "Алма Fest" және "Парк фест" қалалық дәстүрлі фестивальдер.


Бұлардан өзге, 15 - 19 қыркүйек аралығында Республика Сарайында халықаралық "Almaty Film Festival" кинофестиваліне арналған бірқатар шаралар өтеді.

Мәдениет қайраткерлеріне арналған шаралар да жоспарланған, мысалы Қазақ ССР-ініӊ Халық әртісі Болат Аюхановтыӊ 80 жылдығы, Қазақстанныӊ халық жазушысы Ғафу Қайырбековтыӊ 90 жылдығы, Қазақстанныӊ Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтыӊ 100 жылдығы және басқалары аталып өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны