13.09.2018, 17:27 6999

Алматыда Қала күнін мерекелеуге орай ашық аспан астында жыл сайынғы IX-ші музыка фестивалі басталды

Мерекеніӊ алғашқы күні классикалық музыка әуесқойларына "Күйден классикаға дейін" атты тамаша музыкалық бағдарлама ұсынылды

Алматы. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында 12 қыркүйекте қала өміріндегі маӊызды оқиға - ашық аспан астында жыл сайынғы IX Оркестрлер Фестивалі басталды. Ол бүгін де жалғасады.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, оӊтүстік астанада танымал шығармашылық ұжымдардыӊ орындауында әрі музыка аспаптарында ойнайтын солистер мен вокал өнері шеберлерініӊ қатысуымен екі күн бойына оркестрлік музыка әуені қалықтайтын болады.

Сахна төрінде Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі, Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық -этнографиялық оркестрі, Алматы қаласы әкімініӊ эстрадалық -симфониялық оркестрі және Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік үрлемелі оркестрі өнер көрсетті.

Мерекеніӊ алғашқы күні классикалық музыка әуесқойларына "Күйден классикаға дейін" атты тамаша музыкалық бағдарлама ұсынылды, оған қазақтыӊ аспаптық және әндік классикасыныӊ жауһарлары, халық шығармашылығыныӊ үздіктері, орыс және европалық авторлардыӊ классикалық әуендері, заманауи сазгерлердіӊ шығармалары, кинофильмдердіӊ саундтректері енген.

"Біз Вивальдидіӊ "Жаз.Найзағай" атты өлмес туындысы секілді классикалық шығармаларды орындаймыз. Фестивальге екі ай дайындалдық",- дейді Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрініӊ скрипкашысы Еркебұлан Сабырбаев.

Оркестрмен бірге сахнада қазақ фольклорыныӊ жұлдыздары, эстрадалық орындаушылар, вокал өнерініӊ шеберлері концерт қояды, олардыӊ арасында Зарина Алтынбаева, Жәмилә Серкебаева, Ұлту Қабаева, Бахыт Тұрманова, Фархат Кубиев, Данияр Байжұманов, Нұрсұлтан Шатырханұлы, "satzhan project", "ifly" топтары және басқалары бар.


Фестивалдіӊ екінші күні мегаполиске арналған "Меніӊ қалам" бағдарламасы ұсынылады. Оныӊ репертуарына өткен жылдар мен қазіргі кезеӊніӊ Алматы туралы әндері енген. Мұнда эстрада және классикалық әндерді орындаушы танымал әншілер өнер көрсетеді, олардыӊ арасында Береке Еӊкебаева, Алексей Тимофеев, Бауыржан Мусин, Кентал, Венера Сағи, Нұрсұлтан Шатырханұлы және басқалары бар.

"Бұл керемет концерт. Біз жыл сайын қызымыз екеуіміз келеміз. Достарымызды да ерте келеміз. Қаншама адам тегін концерт қояды. Мұндай іс-шараларды өткізу тұрғындар үшін тартымды. Биылғы жалғыз кемшілігі - жұмыс күні болғаны. Біз осымен төртінші жыл қатарынан келіп отырмыз. Биыл бір айта кетерлігі қоршауларды алып тастапты. Жайлы жағдайда музыкаға тәнті болдық.Оркестрлер фестивалін біз барынша ұнатамыз",- дейді көрермен Татьяна.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны