10.01.2014, 18:52 3190

Алматыда кәсіпкерлердің құқын жаппай бұзу шарасы анықталды - Бас прокуратура

Хабарламада айтылғандай, кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша мобильді топтың жұмысын жандандыру үшін қала көлемінде 60-тан астам модернизацияланған билбордтар орнатылды. Бұл мобильді топтарға шағымданатын кәсіпкерлер санының 82-ден 130-ға дейін артуына сеп болды.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы 100 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Алматыда қала прокуратурасы тарапынан 2013 жылы кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша 28 тексеріс жүргізіліп, 1,3 мыңнан астам тәртіп бұзушылық анықталды. 464 заңсыз жоспарланған кәсіпкерлерді тексеру шаралары тіркеуден шығарылды", - делінген хабарламада.

Салық органдарын тексеру барысында қызметтерін тоқтату туралы жеке кәсіпкерлердің 593 өтініші қараудың уақыт ережесін сақтамау тұрғысынан жаппай құқық бұзушылық анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы арыздың 30 пайызын құрайды. Сонымен қатар анонимді үндеуді тексеру бойынша 100 факті анықталды.

Хабарламада айтылғандай, кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша мобильді топтың жұмысын жандандыру үшін қала көлемінде 60-тан астам модернизацияланған билбордтар орнатылды. Бұл мобильді топтарға шағымданатын кәсіпкерлер санының 82-ден 130-ға дейін артуына сеп болды.

Жалпы, кәсіпкерліктің қызметіне заңсыз араласу үшін тексеріс органы 108 лауазымды тұлғаны жауапқа тартқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны