19.07.2016, 20:09 4446

Алматыда қаза тапқан полицейлердіӊ отбасыларына күллі ел көӊіл айтып жатыр

Лаӊкестіӊ қолынан жараланған тағы бір алматылық полицей бүгін бақилық болды. Ауыр жараланған 29 жастағы лейтенант Тимур Бегасылов сол күйі есін жимай, түстен кейін жан тапсырған. Осымен 6 адамныӊ өмірін жалмаған жантүршігерлік атыстан кейін барша жұрт қара жамылған марқұмдардыӊ отбасыларына қайғырып көӊіл айтуда. Бірі- қантөгіс болған жерлерге барып тағзым етсе, үйіне іздеп барып жақындарын жұбатқандардыӊ да қарасы қалыӊ

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Лаӊкестіӊ қолынан жараланған тағы бір алматылық полицей бүгін бақилық болды. Ауыр жараланған 29 жастағы лейтенант Тимур Бегасылов сол күйі есін жимай, түстен кейін жан тапсырған. Осымен 6 адамныӊ өмірін жалмаған жантүршігерлік атыстан кейін барша жұрт қара жамылған марқұмдардыӊ отбасыларына қайғырып көӊіл айтуда. Бірі- қантөгіс болған жерлерге барып тағзым етсе, үйіне іздеп барып жақындарын жұбатқандардыӊ да қарасы қалыӊ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Бауырым-ай! Оу, бауырым-ай,жаным-ау...

Бұл қаскөйді жаралап оныӊ қолға түсуіне себепкер болған старшина Аян Ғалиевтіӊ үйі. Кеше таӊертеӊгісін ғана отағасын жұмысқа шығарып салған шаӊырақ бүгінде қайғыдан қара жамылған. Бауырлары болған жайтқа әлі де сенбей, ал жақында ғана босанған жары қайта-қайта талып жатыр, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

-Жаным ау, күнім меніӊ, тірегім, қорғаным...

Анар Асанова, Аян Ғалиевтіӊ жесірі:

-Аян өзініӊ жұмысына берілген адам болатын. Өзініӊ мамандығына сыйлы еді. Борышын адал, шын ниетімен атқарғанды жақсы көретін. Қаншама халықты қорғап, кеудесін оққа төседі. Артына қалған балаларына өзін өнеге етіп кетті. Оныӊ балалары оны әрқашан үлгі тұтады. Ол нағыз қаһарман болды. Жаны жанатта болсын! Барлық қазақстандықтар көріп қайғымызға ортақ боп жатыр. Бірақ оныӊ әрине орны толмас қайтып келмес қаза.

Аян Ғалиев небәрі 2 жылдан кейін зейнеткерлікке шығуы тиіс болған. Полиция қызметініӊ үздігі, 3 бірдей медаль иегері, көп балалы жанұяныӊ кенжесі қарашаӊырақта қартайған анамен бірге тұрыпты. 85-тегі қарияныӊ жылай- жылай көзініӊ жасы құрғаған. Марқұмныӊ артында 5-ші сыныпта оқитын қызы мен 7 айлық ұлы қалды.

Мұратхан Ғалиев, Аян Ғалиевтіӊ ағасы:

- Өкініштісі бір-ақ нәрсе- кішкентай ұлыныӊ жүгіріп шауып жүргенін көре алмай кетті. Сол ғана жүрегіме батады. Қара шаӊырақ, 85-тегі анасын асырап отырған бала. Жұмысына да үлгеріп, алабөлек аӊқылдақ еді.

Қаскөйді тоқтатып қаза тапқан полиция қызметкерініӊ үйіне көрші-қолаӊмен қатар, бейтаныс адамдар да келіп көӊіл айтуда. Ал ауласында Аянныӊ өзі қолдан жасап алған жаттығу жарақтары бұл үйде полицейдіӊ тұрғанын аӊғартып тұр.

Қандықол Күлекбаевтыӊ кесірінен азаматынан айырылған Сәлімбаевтар отбасысы бұл. Небәрі 22 жастағы Мақсаттыӊ оқ кеудесіне тиген. Кіші сержант жақында ғана отау көтеріпті. Бірге толмаған қызы мен әйелі іштегі төрт айлық баласымен соӊында қалған.

Мұратхан Жамбылов, Мақсат Сәлімбаевтыӊ ағасы:

-Жаулармен жағаласып мерт болды. Қабырғамыз қайысып тұр, айтар сөзіміз жоқ боп тұр.

Бүгін сол лаӊкестік оқиғада жараланған тағы бір полицей көз жұмды. 29 жастағы Тимур Бегасылов аурухана төсегінде сол күйі ес жимастан кеткен. Осымен алты адамныӊ өмірін жалмаған атыстан кейін өз-өзіне келе бастаған алматылықтар қантөгіс болған жерлерге гүл шоқтарын қойып, көӊіл айтып жатыр.

Алтынай Сыпабекова:

-Отбасыларына амандық тілейміз, қайғыларына ортақ екенімізді айтамыз. Оларға сабыр тілейміз. Бізге өте өкінішті. Жандары жаннатта болсын! Туысымыз, жақынымыз болмаса да біз үшін жанын берген адам бізге әпрдайым қымбат.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны