12.10.2017, 16:34 4736

Алматыда Қазақ деректі киносы күндері өтіп жатыр

Кеше 11 қазанда Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ қоры қолдауымен Қазақ деректі киносы күндері ашылды.

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - Кеше 11 қазанда Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ қоры қолдауымен Қазақ деректі киносы күндері ашылды.

Еліміздіӊ белгілі режиссерлері мен шығармашылық университеттердіӊ студенттері қатысқан Қазақ деректі киносы күндерініӊ ашылуы салтанатында, "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Деректі кино және киношежіре" шығармашылық бірлестігініӊ жетекшісі Исет Ерназаров жақында ғана Екатеринбург қаласында өткен ХХVІІІ "Ресей" деректі кино фестивалінде қазылар алқасыныӊ арнайы "Өмірді сүйетін кейіпкердіӊ образын көрсете алғаны үшін" атты жүлдесін "13 шақырым" фильмініӊ режиссері Владимир Тюлькинге табыстады.

- Екі ай бойы әр сәрсенбі күндері Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш президенті - Елбасыныӊ қорыныӊ кинозалында еліміздіӊ деректі кино мэтрлары, сонымен қатар жас режиссерлер түсірген деректі кинолар көрсетіледі. Деректі фильмдер прокатқа шықпайтындықтан, заманауи Қазақстанныӊ өзекті мәселелері жөнінде баяндайтын отандық документалистердіӊ соӊғы екі жылда түсірген жұмыстарын көріп, танысуға бірегей мүміндік туып отыр, - деді Исет Ерназаров.

Қазақ деректі киносы күндерініӊ ашылуында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған "Өйткені жақсы көремін", "Түстердіӊ үйлесімділігі" және "Наири" атты жас режиссерлердіӊ жұмыстары көрсетілді.

Сонымен қатар, мәдени іс-шара барысында "Қазақфильм" киностудиясы шағарған басқа да деректі фильмдер көрсетіледі, олар: "Казахский ренессанс. Жұмат Шанин" (режиссері А.Каменский), "Қазақ биі" (режиссерлері Ғ.Насыров, А.Садықова), "Сенім жолында" (режиссері И.Байғожина), "Алтын Эмель" (режиссері О.Белялов), "13 шақырым" (режиссері В.Тюлькин), "Жігіттер оны Батя деп атайды" (режиссері А.Ахметжанова), "Отан неден басталады" (режиссері Е.Бектұров). Барлық фильмдердіӊ қоюшы режиссерлері мен шығармашылық топтыӊ өкілдері өз картиналарын көрерменге таныстыратын болады.

Ашылу салтанатында көрсетілетін фильмдертуралы ақпарат:

"Өйткені жақсы көремін"

Авторлары: Р.Орынбасарова, Н. Садуова

Режиссерлері: К.Бердімұратова, К.Ибделдинова

Ұзақтығы: 28 мин. 52 сек.

Фильмде еліміздегі ұлтаралық қатынастар жөнінде жас буын өкілдерініӊ көзқарасы баяндалады. Еӊ біріншіден жұп құрған жастар туралы сөз айтылады, өйткені ұлтаралық отбасы мүшелерініӊ әрқайсысыныӊ өз әӊгімесі бар. Фильмніӊ барлық кейіпкерлері Қазақстанда тұрады, еріккендер оларды сыртынан жамандаса да, сын көзбен қараса да, олар шынайы бақытты өмір сүруде.

"Түстердіӊ үйлесімділігі"

Авторы және режиссері: Евгений Лумпов

Ұзақтығы:26 мин. 04 сек.

Астанада "Қызыл кадмий" шығармашылық ұжымыныӊ ашылғанына бірнеше жыл болды. Олар еліміздіӊ бейнелеу өнерін насихаттауда дәстүр сабақтастығынан нәр ала отырып жаӊалық ашуға құмар жас суретшілер. Еліміздіӊ түкпір-түкпірінен жиналып, Астанада бас қосқан суретшілердіӊ жұмыстарын қарап, олардыӊ отанына деген шексіз махаббатын бірден байқауға болады.

"Наири"

Авторы және режиссері: Қайша Рахимова

Ұзақтығы: 26 мин.

Фильмде бейнеленген "Наири" атты армян би ансамблі көп ұлтты бір отбасы секілді. Ансамбльдіӊ құрылғанына 17 жыл болды. Жыл сайын олар концерттер ұйымдастырып, түрлі іс-шараларда, мерекелер мен фестивальдерге қатысып өнерлерін паш етіп жүр. Ансамбльдіӊ құрамында қазақтар мен түріктер, орыстар мен әзірбайжандар, армяндар мен дунғандар да бар. Оларды табыстырған - өнер.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны