02.08.2018, 18:14 4728

Алматыда қазақ пен түркі жұртын табыстыруда алтын көпірге айналған аудармашы кітабыныӊ тұсаукесері өтті

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Н.Дәулетова атындағы залда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы мен Астананыӊ 20 жылдығы аясында жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаевтыӊ "Бір қайыры бар дүние" атты кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті

Алматы. 2 тамыз. KazakhstanToday- 2018 жылғы 27 шілдеде Алматыдағы Ұлттық кітапханада Н.Дәулетова атындағы залда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы мен Астананыӊ 20 жылдығы аясында жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаевтыӊ "Бір қайыры бар дүние" атты кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды "Вечерняя Алматы" газеті.

Мәлік Отарбаев - Қазақстан Жазушылар Одағыныӊ мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығыныӊ лауреаты, Халықаралық "Жамбыл" сыйлығыныӊ иегері.

"Бір қайыры бар дүние" кітабына Мәлік Отарбаевтыӊ қазіргі қоғам, өтпелі уақыт, ұлттық руханият туралы эсселері мен шағын әӊгімелері топтастырылған. Автор кітапта адамдар арасындағы қарым- қатынас, өмірлік құндылықтар және асыл сезім туралы баяндайды. Кітап 1000 дана таралыммен "Аннұр Сапа" баспасынан жарық көрген.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасыныӊ директоры Ж.Т.Сейдуманов ашып, салтанатты шараға ақын, Мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері Темірхан Медетбек, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қызметкері, ғалым-ұстаз Шәмша Беркімбаева, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығыныӊ лауреаты Берік Шаханов, Сәбит Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтіӊ әдеби-мемориалдық мұражайыныӊ директоры Иділғазы Қайырбеков, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, жазушы Ахметжан Ашири, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, жазушы Рафаэль Ниязбек, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Асылы Осман, Халықаралық "Алаш" сыйлығыныӊ иегері, жазушы Нұрғали Ораз, ғалым-профессор Дандай Ысқақ, Қазақстан Жазушылар одағыныӊ мүшесі, аудармашы Самал Соқпақбаева және тағы басқа зиялы-қауым өкілдері мен әдебиеттанушылар қатысты.

Жиналғандар Мәлік Отарбаевтыӊ шығармашылық қыры мен аудармашылық еӊбегіне және драматургиялық ізденістеріне тоқталып, жаӊа туындыныӊ оқырман қауымныӊ көӊілінен шығарына сенім білдірді.

Бұған дейін Мәлік Отарбаевтыӊ қазақ және түрік тілінде жазған әӊгімелері мен эсселері әзербайжан, орыс, қырғыз тілінде жарық көрді. Түркияда ай сайын шығатын "Кардеш калемлер" журналына қазақ ақын-жазушыларыныӊ шығармашылықтары жөнінде материалдарды жинақтап, түрік тілінде жариялаған.

Сүйінбай, Ш.Мұртаза, Н.Оразалин, Р.Отарбаев, Т.Медетбек, Р.Ниязбек, Е.Жақыпбектіӊ шығармаларын түрік тіліне аударған. Сондай-ақ Юнус Эмре, Решат Нұри Гүнтекин, Халдун Танер сынды түрік ақын-жазушыларын қазақ тілінде сөйлеткен. 25 қазақ қаламгерініӊ әӊгімесі мен О.Сүлейменовтіӊ түркі тілдеріндегі өлеӊдер жинағын құрастырған.

Шараны жүргізген ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы жазушы-аудармашыныӊ осыған дейін Сүйінбай Аронұлы, Шерхан Мұртаза, Нұрлан Оразалин, Рахымжан Отарбаев, Темірхан Медетбек, Рафаэль Ниязбек, Есенқұл Жақыпбектіӊ кітаптарын түрік тіліне аударып, Юнус Эмре, Решат Нұри Гүнтекин, Халдун Танер сынды түрік ақын-жазушыларын қазақ тілінде сөйлеткенін атап өтті. 25 қазақ қаламгерініӊ әӊгімесі мен О.Сүлейменовтіӊ түркі тілдеріндегі өлеӊдер жинағын құрастырып, бауырлас елдер назарына ұсынғанын да еске салды.

- Мәлік Отарбаев - кейінгі жылдары әдебиетте өнімді жұмыс істеп жүрген талантты жазушы, - деп бастады өз сөзін Мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері Темірхан Медетбек. - Оныӊ өз орны, өзіндік үні бар. Шағын әӊгіме-эсселерімен адам бойындағы ізгі қасиеттерді, имандылықты, ізгілікті, инабаттылықты айта отырып, қоғамда болып жатқан келеӊсіз құбылыстарды сынайды. Жалғыз Қазақстан емес, әлем елдеріндегі жағымсыз әрекеттерді, керексіз мінез-құлықтарды сарапқа салып, сонымен бірге, адам мен адамныӊ үйлесімділігі, жарасымдылығы жайлы айтып келе жатқан ойлы азамат. Оныӊ еӊ басты қасиеті - түрік тілін өте жақсы меӊгергені. Екі елдіӊ жақындасуына үлкен ықпал етіп жүрген мұндай жастар өте сирек, - деп қаламгердіӊ жаӊа белеске көтерілуіне, жарқын шығармалар беруіне тілектестік білдірді.

Мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева: "Бұл кітаптағы оқиғалар барлығымыздыӊ басымызда кездесетіндей болып көрінуі мүмкін. Бірақ ол әрбір жайттан ұлтымыздыӊ философиялық ұстанымдарына сай келетін ой түйіп отыруымен ерекшеленеді. Дұрыстап зер салсақ, әр сөзі афоризмге айналып тұр. Қазақ халқыныӊ даналық мектебін жалғастыратын жастар бар екен ғой деп шүкіршілік етемін. Өзі - өте еӊбекқор адам, білімді, өз халқын жақсы көретіні, өз ұлтыныӊ рухани дүниесін байытуды мақсат еткені істеп жүрген қызметінен де, жазып жүрген шығармашылығынан да айқын көрінеді", - деді.

Ары қарай сөз алған Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, жазушы Ахметжан Ашири: "Мәлік бауырымыз білікті, білімді, зерделі жазушы. Шығармаларын түгел оқуға құштармын. "Бір қайыры бар дүние" кітабы шықпас бұрын Түркияда түрік халқыныӊ көӊілінен шыққан "Баянды бақ" пьесасыныӊ қойылғанын білемін. Өзім оқып шықтым, маған керемет ұнады, мазмұнды жазылған. Ұлттар достығы, халықтар тағдыры - Қазақстандағы өзге ұлттардыӊ бақытты тіршілігін боямасыз көрсеткен. Қазақ оқырманына жақсы таныс басқа да әӊгімелері бар. Жақсы шығарма - қазақ оқырманыныӊ ғана емес, барлық ұлттыӊ, Отанымыздыӊ, халқымыздыӊ ортақ қазынасы. Халықтыӊ рухани байлығы, ынтымақтастық байланысы деп айтуға болады. Сондықтан "Бір қайыры бар дүние" кітабы мазмұны, көркемдігі, ой-пікірді жеткізу жағынан үлкен пікір айта алады. Тереӊ білімді, ақылды жазушыны көрсетеді. 20-30 бет емес, қысқа-қысқа жазғаныныӊ өзі адамға ой салатын философиялық хикмет. Чеховтыӊ үлгісі сияқты десем, қателеспеймін. Асықпай оқитын, оқысаӊ ойға салатын, ізгілікке тәрбиелейтін құнды шығарма деп есептеймін", - деген пікірімен бөлісті.

Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтіӊ әдеби-мемориалдық музейініӊ директоры Иділғазы Қайырбеков: "Мәлік Отарбаевтыӊ жазғандарын біраз жылдан бері қарап жүрмін. Қазақ әдебиеті мен түрік әдебиетініӊ қайнарынан қанып ішкен, үздік шығармаларды әбден сүзгісінен өткізгені байқалады. Кітапта бір-екі сөйлемнен тұратын шағын әӊгімелер бар. Кезінде жапон поэзиясында екі жолмен бір өлеӊ жазу үрдісі қалыптасқан еді. Бұл тәжірибе шығыс поэзиясында да бар. Бұл дәстүрді прозаға алып келу үлкен жаӊалық. Мәліктіӊ үнемі ізденісте, жаӊашылдыққа құмар болып жүргені бізді қуантады", - деді.

Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығыныӊ лауреаты Берік Шахан: "Құдайға шүкір, біздіӊ қазақта жақсы жазушылар аз емес. Бұл жазушыныӊ мен сыйлайтын ерекшелігі, кісілік болмысы өте зор, мәдениеті жоғары. Жазушылар одағында біраз жыл қызметтес болдым. Іске деген орнықтылығы, жауапкершілігі, адаммен қарым-қатынасы биік деӊгейде. Кейінгі кезде прозада жақсы әӊгімелер жазып, драматургияда жақсы шығарма беріп жүр. Шығармашылығыныӊ еӊ үлкен саласы аударма, қазақ пен түркі жұртын табыстыруда алтын көпірге айналды. Бұл халықтыӊ алдындағы, қоғамныӊ алдындағы үлкен еӊбек, мұндай азаматтарды бағалап, құрметтеуіміз керек. Ирдайым тілектес болуымыз қажет. Болашақ қазақтар осындай жан-жақты болса екен деп тілейміз", - деп алдағы ізденісіне ақ жол тіледі.

Ақын-жазушы Нұржан Қуантайұлы:

"Мәлік - төрт тілді еркін меӊгерген жазушы. Аудармашы ғана емес, Осман дәуіріндегі, Ататүрік заманындағы түрік тарихын жақсы білетін шежіреші, тарихшы. Оныӊ жазушы-аудармашы ретінде шығармаларын оқып отырып, бойында бірнеше қасиет дарыған талантты қаламгер екенін байқадық. "Баянды бақ" пьесасы - қазақ драматургиясына өзіндік үлес қоса алатын, үлкен үміт күттіретін жазушы екенін айқындай түседі. "Бір қайыры бар" дүние" эсселер жинағында шығыстыӊ көне сарындарын, Осман заманын, мұсылмандық кезеӊдерді қазіргі уақытпен салыстыра отырып, ой түйіндейді. Мұндай қадамға екініӊ бірі бара бермейді. Осындай жақсы дүниелер жазу үшін шығыс тарихынан, Осман дәуірінен, мұсылмандық өркениеттен хабары болуы керек. Мәлік Отарбаев - бұл салада қай жағынан болсын, қамшы салдырмайтын бесаспап маман", - деп жоғары баға берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны