22.09.2018, 20:05 10827

Алматыда Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ бастамасымен "ЭТНО-Fashion" фестиваль болып өтті

Фестивальге қатысушылар бірнеше кезеӊмен іріктелді: біріншіден, қатысушылар дайын өнімдерін ұсынуға тиіс болды, екіншіден, өнімдер тақырыпқа сәйкес келуге және міндетті түрде ұлттық элементтерді қамтуға тиіс болды.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ бастамасымен этникалық сән өнері бойынша "ЭТНО-Fashion" фестиваль болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл көрсетілімніӊ ерекшелігі - күнделікті, жастардыӊ киіміне және кеӊселік киімдерге ұлттық элементтерді қамту болып табылады. Бұл жұмыс киімі секілді біркелкі киім емес, қазақ және басқа да ұлыстардыӊ киім элементері бар күнделікті кеӊселік киімдер. Іріктеу Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен түрлі аталымдар бойынша жүргізілді. Қатысушылар барлық облыс орталықтарынан келді және жергілікті суретшілер де бар. Биылғы жылғы фестивальдіӊ ерекшелігі сонда, дәл осы алаӊда өз өнімдерін тәжірибелі дизайнерлер де, арнаулы оқу орындарында, колледждер мен ЖОО-да шығармашылық мамандықтарды игеріп жатқан жас студенттер де бір жерде ұсынатындығында, басты ерекшелігі осыда", - деді "Қоғамдық келісім" РММ директорыныӊ орынбасары Хадиша Ерсейітова.

Фестивальге қатысушылар бірнеше кезеӊмен іріктелді: біріншіден, қатысушылар дайын өнімдерін ұсынуға тиіс болды, екіншіден, өнімдер тақырыпқа сәйкес келуге және міндетті түрде ұлттық элементтерді қамтуға тиіс болды.

"Біз мұнда кәсіпкерлерді, бизнес құрылымдардыӊ өкілдерін де шақырдық. Біз оларға арнап өзіндік бір диалог алаӊын қалыптастыру арқылы келешекте жас дизайнерлер мен технологтар бизнестіӊ қолдауымен этностиль элменттері бар күнделікті кеӊсе киімініӊ өндірісін орнату мүмкіндігіне ие болуын қалаймыз", - деді Хадиша Ерсейітова.

Фестивальдіӊ тағы бір ерекшелігі - көрсетілімге түрлі жас мөлшері мен дене бітімі бар модельдер қатысты.

"ЭТНО-Fashion" фестивалі этникалық стильде жұмыс істейтін дарынды шеберлер мен дизайнерлерді анықтау және қолдау көрсету, қазақ сән өнеріндегі этникалық бағытты дамытуға бағытталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны