08.08.2016, 19:29 4014

Алматыда Қазақстанныӊ Үндістандағы экс-елшісіне қатысты сот үкімі шықты

Алматыныӊ Алмалы аудандық сотында Қазақстанныӊ Үндістандағы бұрынғы елшісіне қатысты сот үкімі шықты. Рашид Рахимбеков ҚР ҚК 394-бабы 2-тармағы "Қызметтік өкілеттігін пайдаланып заӊсыз миграция ұйымдастыру" бойынша 1,6 жылға бас бостандығын шектеу және моральдық залал түрінде 26 млн теӊге төлеу жазасына кесілді

Алматы. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Алмалы аудандық сотында Қазақстанныӊ Үндістандағы бұрынғы елшісіне қатысты сот үкімі шықты. Рашид Рахимбеков ҚР ҚК 394-бабы 2-тармағы "Қызметтік өкілеттігін пайдаланып заӊсыз миграция ұйымдастыру" бойынша 1,6 жылға бас бостандығын шектеу және моральдық залал түрінде 26 млн теӊге төлеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаза мерзімі бойы Рахимбеков пробациялық бақылауда болады және тиісті қызметке хабар бермей тұрғылықты жерін ауыстыра алмайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Алмалы аудандық сотыныӊ судьясы Марал Жарылғапова прокурордыӊ 30 849 451 теӊге өндіріп алу туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Енді мемлекетке шығын келтіргені үшін экс-елші қазынаға 26 787 551 теӊге төлейтін болады.

Алайда жәбірленуші мен оныӊ қорғаушысы сот үкімімен келіспей отыр, сондықтан үкімге шағым түсірмек.

"Біз тағылып отырған айыппен келіспейміз. Рахимбековтіӊ еш кінәсі жоқ, ол оӊды-солды виза таратумен айналысқан жоқ. Қанша адам виза сұраса, соншасына ғана берді. Үкімге шағым түсіреміз. Меніӊ қорғауымдағы азаматтан өндіргелі тұрған сома да өте қомақты", - дейді бұрынғы елшініӊ адвокаты Бибігүл Асқарбекова.

Естеріӊізге салып өтсек, Рашид Рахимбеков 2010 мен 2013 жылдар аралығында Қазақстанныӊ Үндістандағы елшілігінде консул болып қызмет атқарды. Зейнетке шықаннан кейін оған "қызметтік өкілеттілікті пайдаланып заӊсыз миграция ұйымдастырды" деген айып тағылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны