16.10.2017, 13:34 4529

Алматыда қоқыс сұрыптау кешенініӊ құрылысы басталды

Жылына 550 мыӊ тонна қуаты бар зауыт 2018 жылдыӊ жазында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі жуырда Бауыржан Байбек жұмыс сапарыныӊ аясында қалдықтарды сұрыптау зауытыныӊ құрылысы барысымен танысты, ол еуропалық жабдықтармен жабдықталатын болады. Компанияныӊ өндірістік қуаты қаланыӊ қалдықтарын қайта өӊдеу қажеттілігін толығымен жабады.

Қалдықтарды сұрыптау кешенініӊ құрылысы "Green Recycle" ЖШС жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Сұрыптау үрдісі барысында қайта пайдалануға жарамды компоненттер таӊдалады. Жылына 550 мыӊ тонна қуаты бар зауыт 2018 жылдыӊ жазында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Алматы әкімініӊ айтуынша, тұтастай алғанда қалдықтарды сұрыптау кешенініӊ пайда болуы өнеркәсіптіӊ дамуына серпін береді және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартады.

"Мемлекет басшысы қала экологиясы мәселесіне ерекше назар аударады. Алматы қаласыныӊ даму бойынша соӊғы кездесуінде Мемлекет басшысы қоқыс проблемасын жүйелі түрде шешу, оны кешенді өӊдеуді және пайдаланудыӊ толық циклін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Зауыттыӊ құрылысы біз үшін басым жоба болып табылады, бұл ЭКСПО-2017 мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін маӊызды бағыт. Қазір біз бірінші кезекте қоқысты іріктеп, одан кейін оны қайта өӊдеуге мүмкіндік беретін жүйені құрып жатырмыз", - деді қала әкімі.

Алматы қаласыныӊ әкімі жұмыс сапарыныӊ аясында Алатау ауданында орналасқан Индустриялық аймақтыӊ жұмысын тексерді. Бүгінгі таӊда Индустриялық аймақта жалпы құны 191 млрд. теӊге болатын 40 жоба тіркелді. Қала әкімдігі индустриялық аймақтарды жаӊа жобалармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны