25.08.2006, 16:37 3004

Алматыда көлік тығынын азайту бағдарламасы аясында 15 паркинг салынды

АЛМАТЫ. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда көлік тығынын азайту бағдарламасы аясында 15 жер асты және жер үсті паркингтері мен 7361 орынға есептелген тұрақты жер үсті автотұрақтары салынды. Бұл туралы "Алматы қаласындағы автопаркингтер" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша әкімшілікте өткен кеңесте әкімнің орынбасары Яков Заяц мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Икім орынбасарының айтуынша, қазір 3174 орынға есептелген 11 дербес автопаркинг салынуда, жер телімдеріне қатысты ұсыныстар дайындалып, 43 000 орынға есептелген 91 паркингті рәсімдеу үшін жер қатынастары басқармасына жолданды.

Жеке және заңды тұлғалардан автокөліктер көп жиналатын нысандардың маңында автопаркингтер салу жөнінде 197 өтініш келіп түскен. 46 паркинг үшін деп дайындалған жер телімдерінің бір бөлігімен құрылысты салатын мердігерлер жұмыс істеп жатыр, деді Я.Заяц.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы департаментіне жеке және заңды тұлғалардан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде автопаркингтер салу туралы 226 өтініш келіп түскен. Қазіргі жағдаймен 131 өтініш қаралып жатыр, 4829 орынға есептелген 34 паркинг салынып, 16147 орынға есептелген 61 партинг салыну үстінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны