10.07.2013, 17:09 3300

Алматыда көлік жүргізетін әйелдерге бақылау күшейтілмек

Көп жағдайда жолдағы қауіпті апаттық жағдайды әйел адамдар туғызады. Себебі олар теориялық және тәжірибелік жағынан көлік жүргізуді білмейді. Осындай пікірмен "дөңгелек үстел" барысында "Генералдар кеңесі" РҚБ президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров бөлісті.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда көлік жүргізетін әйелдерге бақылау күшейтілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көп жағдайда жолдағы қауіпті апаттық жағдайды әйел адамдар туғызады. Себебі олар теориялық және тәжірибелік жағынан көлік жүргізуді білмейді. Осындай пікірмен "дөңгелек үстел" барысында "Генералдар кеңесі" РҚБ президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров бөлісті.

"Біз көлік жүргізетін қыз-келіншектердің жол ережесін бұзушылықтарын жиі кешіреміз. Мен бұған күнделікті өзім куәмін. Олар алдын ала еш белгі берместен, оңға не солға бұрыла береді. Олар толығымен курсты біітрмейді немесе көлікті аз жүргізеді. Менің айтарым, өз өміріңе және басқалардың өміріне қауіп төндірмеу керек. Бізге оқыту бағдарламасын қайта қарау қажет. Оқыту және жүргізуші куәлігін беру үдерісін қатаңдату керек", - деп ойымен бөлісті Р.Қайдаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны