16.06.2010, 10:19 2782

Алматыда көппәтерлі үйлердің тұрғындары ПИК іс-әрекеттерінен заңды тұрғыдан қорғалмаған

Алматыда көппәтерлі үйлердің тұрғындары ПИК іс-әрекеттерінен заңды тұрғыдан қорғалмаған

Алматы. 16-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда көппәтерлі үйлердің тұрғындары ПИК іс-әрекеттерінен заңды тұрғыдан қорғалмаған. Бұл туралы кеше "Тұрғындардың тұрғын үй-коммуналдық проблемелары" атты социологиялық зерттеу нәтижесінің презентации барысында қалалық мәслихат депутаты Олег Печеник мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Олег Печениктің айтуынша, 2010 жылдың қаңтарында Алматы қаласының Бостандық ауданында әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Зерттеу көппәтерлі үйлердің тұрғындары тұрғын үй меншіктерін басқару сапасын қалай бағалайтындығын анықтау мақсатында жүргізілген.

"Сауалнама жүргізілген Бостандық ауданының көптеген тұрғындары өз меншіктерін басқаруға қатысқандықтарын қалайды. Бірақ олардың жартысына жуығы басқару және ақша ағымының ашықтығын қамтамасыз ету үрдісіне қалай қатыса алатындықтарын білмейді. Басқаша айтсақ, азаматтарға өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткіліксіз",- деді депутат.

Зерттеу нәтижесінің мәліметтері бойынша, сауалнама жүргізілген тұрғындардың 56 пайызы өз меншіктерін басқаруға қатысу қажеттігін түсінеді, бірақ 23 пайызы әртүрлі себептерге байланысты бұл үрдіске қатыса алмайды, 21 пайызы қатысқылары келмейді.

Сауалнама көрсетіп отырғандай, ең басты проблемалардың бірі ақпараттың аздығы және тұрғындардың сенім танытпауы, олардың үрдіске араласуы ахуалды жөндеуге әсер ететіндігіне сенбеушіліктері. Оный айтуынша, сауалнама жүргізгендердің көбісі пәтер иелерінің жиналысына қатыспайды. Ал кейбіреулер "біздің пікіріміз ешкімге де қызық емес", "бірдеңені өзгерту мүмкін дегенге сенбеймін", "бізді тонап жатыр, жиналысқа қатысу ештеңені шешпейді" дегенді айтады. Сауалнама жүргізгендердің 54 пайызы ПИК мүшесі ретінде өз құқықтарын білмейді, тек 46 пайызы ғана өз құқықтарын білетін болып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны