17.12.2017, 18:38 4076

Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 26 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 26 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Қала басшылығы, ардагерлер Кеӊесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдіӊ музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаӊындағы тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында Алматы өӊірлік гарнизоныныӊ әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны