17.12.2017, 19:14 4413

Алматыда құрылыс индустриясы саласында жәрмеӊкелік көрме өтіп жатыр

Жәрмеӊкелік көрме "GRAND PARK" сауда ойын-сауық кешенініӊ аумағында 2017 жылдыӊ 15 желтоқсанынан 2018 жылдыӊ 5 қаӊтарын қоса алғандағы кезеӊде өтеді.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматылық 12 кәсіпорын құрылыс индустриясына арналған жәрмеӊкелік көрмеге қатысуда. Барлық компаниялар құрылыс индустриясы саласыныӊ негізін, атап айтқанда, үй құрылысын салу, инженерлік желілер жүргізу, бетон бұйымдарын, жылу радиаторларын және т.б. ұсынады. Олардыӊ қатарына "Алматылифт" ЖШС, "Келет" АҚ, "Спира-Берга" ЖШС, "Темірбетон-1" ЖШС, "БалХан компаниясы" ЖШС, "ОВ қоймасы" ЖШС, "КМК Investment" ЖШС, "Metal Prom Group" ЖШС, "Aluminium of Kazakhstan" ЖШС, "НұрИнвест" ЖШС, "Galaxia Ges Kazakhstan" ЖШС, "КЗТА" ЖШС кірді.

Кәсіпкерлік басқармасында атап өткендей, көрме тауар өндірушелеріне өтім нарығын кеӊейтуге, жаӊа жабдықтаушыларды табуға, құрылыс индустриясындағы жаӊалықтармен танысуға көмектеседі, бұл өз кезегінде, олардыӊ өндірісініӊ көлемін арттыруға және жергілікті қамтудыӊ тауардағы үлесін көтеруге ықпал етеді.

Алматы қаласы әкімдігініӊ бастамасымен ұйымдастырылған сауда акциясы тұтынушылардыӊ сұранысын МЕМСТ-қа және стандарттарға сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз құрылыс материалдарымен барынша қанағаттандыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерге көмек көрсетуге міндеттелген.

Жәрмеӊкелік көрме "GRAND PARK" сауда ойын-сауық кешенініӊ аумағында 2017 жылдыӊ 15 желтоқсанынан 2018 жылдыӊ 5 қаӊтарын қоса алғандағы кезеӊде өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны