03.02.2014, 21:17 6935

Алматыда маркетинг және әлеуметтік зерттеулерге арналған тұңғыш халықаралық "Жас зерде" байқауы қорытындыланды

Жүзден жүйрік жеңімпаз атанғандарға қаржылай сыйақы табысталды. Бірінші орынды иеленген білімгерге 150 000 теңге, 2 орын үшін 100 000 теңге және 3 орынға 75 000 теңге берілді.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Халықаралық бизнес Академиясы мен Қазақстан қоғамының пікірі мен нарықты кәсіби зерттеу қауымдастығы алғаш рет елімізде студенттердің маркетинг және әлеуметтік зерттеу жұмыстарына арналған халықаралық "Жас зерде" байқауын өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша ақтық жарысқа 50 жұмыстың ішінен 16 өтті. Соңғы шешуші сайыс ХБА халықаралық конференция форматында өткізіліп, әділқазылар үздіктерді анықтады.

Жүзден жүйрік жеңімпаз атанғандарға қаржылай сыйақы табысталды. Бірінші орынды иеленген білімгерге 150 000 теңге, 2 орын үшін 100 000 теңге және 3 орынға 75 000 теңге берілді.

Ал, Беларусь елінен келген жеңімпаз Марина Кузьмич әділқазылардың зор алғысына ие болды. Олар студенттің жұмысын жоғары кәсіби шеберлікпен жасалған деп баға берді. Бойжеткен Қазақстанда бірінше рет және халықаралық дәрежедегі байқауға алғаш рет қатысуы.

"Бұл менің Алматыға бірінші рет келуім. Маған жергілікті халық қонақжайлылығымен қатты ұнады. Мен өзімнің жеңісіме, яғни бірінші орынды иеленгеніме қуаныштымын. Шыны керек, бас жүлдеге қол жеткіземін деп мүлдем ойламадым. Байқау әділқазылары әділ, әрі жоғары кәсіби білікті мамандар. Ал, осындай мамандардың менің жұмысымды елеп, оған соншалықты жоғары баға беруі мен үшін абырой", - деді М. Кузьмич.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны