28.05.2012, 12:51 106127

Алматыда медициналық орталық ашылды

150 млн. теңге тұратын жоба екі айдың ішінде бизнес ретінде жүзеге асып отыр. "Мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 150 млн. теңге қаржыға Жапония, Германия және Италия елдерінен заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды", - дейді "Рахат" медициналық орталығының директоры Күміс Мырзалинова.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда медициналық орталық ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында Алматы қаласында "Рахат" медициналық орталығы ашылды. Орталықты заманауи жабдықтармен жарақтау жобасы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының аясында іске асырылды.

150 млн. теңге тұратын жоба екі айдың ішінде бизнес ретінде жүзеге асып отыр. "Мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 150 млн. теңге қаржыға Жапония, Германия және Италия елдерінен заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды", - дейді "Рахат" медициналық орталығының директоры Күміс Мырзалинова.

Бүгінде "Рахат" медициналық орталығы стационарлық емдеуге 30 адамды қабылдай алады, тағы 100 адам күндізгі стационардың қызметін пайдаланса,150-дей адам күн сайын дәрігерлердің қабылдауда болады.

Бағдарламаның арқасында орталыққа геморрой ауруын операциясыз емдейтін аппарат, лор-комбайн, жаңа физиотерапия кабинеті және жүрек пен қан тамырлары ауруларын сапалырақ анықтайтын "Медисон" УЗИ аппараты сатып алынды.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді дамуын, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақталуын және жаңа жұмыс орындарын ашылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарлама ҮИИД бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны