20.01.2016, 15:13 2714

Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге "ОӉАЙ" картасын тегін беру мерзімі ұзартылды

Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге жеӊілдетілген "ОӉАЙ" көлік картасын тегін беру мерзімі 2016 жылдыӊ 1 сәуіріне дейін ұзартылды

Алматы. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге жеӊілдетілген "ОӉАЙ" көлік картасын тегін беру мерзімі 2016 жылдыӊ 1 сәуіріне дейін ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Алматы қаласыныӊ Көлік Холдингі" ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жеӊілдетілген "ОӉАЙ" көлік картасын алу үшін мектеп оқушылары мен студенттер өздері оқитын білім мекемесіндегі жауапты тұлғаға жүгінулері керек. Ал жауапты тұлға өз кезегінде тиісті өтінімді толтырып, "Алматы қаласыныӊ Көлік Холдингі" ЖШС жібереді. Дайындалған карталар оқу орындарында беріледі", - делінген хабарламада.

Естеріӊізге сала кетелік, 2016 жылдыӊ 11 қаӊтарынан бастап, Алматы қаласыныӊ қоғамдық көліктерінде жол ақысы тек қана "ОӉАЙ" картасы арқылы төленеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны