17.05.2018, 19:48 7196

Алматыда Мемлекеттік орталық музей ұйымдастырған "Теӊге - тиыннан, тұлпар - құлыннан, мұражай - коллекция қорынан" атты көрме тұрғындарды тәнті етті

"Мәӊгілік ел", "Рухани жаӊғыру", "Туған жер" бағдарламаларын жүзеге асыру және мәдени білім жұмысын жақсарту мақсатында 2018 жылы ҚР МОМ көптеген түрлі тақырыпты қамтитын, тарихи, мәдени, көркемдік іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Алматы. 17 мамыр Kazakhstan Today - Алматыда Мемлекеттік орталық музей ұйымдастырған "Теӊге - тиыннан, тұлпар - құлыннан, мұражай - коллекция қорынан" атты көрме тұрғындарды тәнті етті.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорыныӊ орынбасары Ғалия Теміртон айтты.

Оныӊ айтуынша, "Мәӊгілік ел", "Рухани жаӊғыру", "Туған жер" бағдарламаларын жүзеге асыру және мәдени білім жұмысын жақсарту мақсатында 2018 жылы ҚР МОМ көптеген түрлі тақырыпты қамтитын, тарихи, мәдени, көркемдік іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Исіресе, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын фотосуретшілер мен отандық суретшілердіӊ көрмелерін ұйымдастыру:

- Қазақстан суретшілері: Шарапова Елена, Коркут Марина, Ильясова Назерке, Мухаметкалина Наргиз, Қуанышбекова Шахиза, Cейітхамзаұлы Жанат қатысқан "Туған жер шабыты" атты көрмесі.

- ҚР Президентініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясындағы суретшілер көрмесі. О. Таӊсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжініӊ 20-дан астам студенттері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясыныӊ колледж студенттері мен "Жаӊғыру-2018" колледжініӊ оқытушылары және студенттері қатысқан көрме. Жұмыс тақырыбы Отан тарихы мен патриоттыққа негізделген.

- "Рухани жаӊғырудағы ұлттық өнер" атты Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп өткізген суретшілер көрмесі. Онда 25 суретшініӊ туындысы қойылған. Көрмеге бұрын соӊды қойылмаған оқытушылар мен студенттердіӊ суреттері қойылған.

- Қалыӊ көпшілікті саяхатшы, фотосуретші Таймас Нұртаевтыӊ туындылары тәнті етті. Т. Нұртаевтыӊ "Қазақстан табиғатыныӊ маржандары" атты көрмесі Қазақстанныӊ еӊ таӊдаулы жерлерінен сыр шертеді.

- 2018 жылы қала тұрғындарын "Теӊге - тиыннан, тұлпар - құлыннан (Тәуелсіздіктіӊ бірегей тұғыры) ҚР МОМ қорынан" атты көрмесі тәнті етті. "Халық Банк" АҚ бірлесіп өткізілген көрмеде музейге келуші қауым төл ақшамыздыӊ шығу тарихыныӊ сонау ежелгі кезеӊдерінен бастап, (Кушано-Сасанидтік, Түркі-Түргештік, Қарахан, Шағатай, Жошы, Тимуридтер кезеӊіндегі күміс, мыс, қола тиындар) кешегі Ресей және КСРО кезіндегі қағаз ақшалар, Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы тиын ақшалар туралы қызықты ақпарат алды, - деп баяндады Ғалия Теміртон.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны