05.01.2018, 17:38 5980

Алматыда MIT стандарттарына сәйкес IT саласындағы білім беру жобасы іске қосылады

Алматыда Сүлейман Демирель университетініӊ мұрындық болуымен Массачусетс технологиялық институтыныӊ (MIT)стандарттарына сәйкес IT технологиялары саласындағы алғашқы пилотты білім беру жобасы бастау алмақ.

Алматы. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today -Алматыда Сүлейман Демирель университетініӊ мұрындық болуымен Массачусетс технологиялық институтыныӊ (MIT)стандарттарына сәйкес IT технологиялары саласындағы алғашқы пилотты білім беру жобасы бастау алмақ.

Пилоттық жоба аясында 2018 жылдыӊ қаӊтар айыныӊ 8-30 аралығында АҚШ және әлемніӊ еӊ үздік техникалық жоғары оқу орныныӊ студенттері жоғары сынып оқушыларына, жоғары оқу орнындардыӊ инженерлік факультеттерініӊ студенттеріне және IT саласында ісін дамытып жүрген бизнес өкілдеріне арнайы шеберлік сағаттары мен дәрістерін өткізеді.

Білім беру жобасы тыӊдармандарға IT саласыныӊ қыр-сырын таныстырып қоймай, сондай-ақ жаӊа технологиялардағы соӊғы, әрі сұранысқа ие жаӊа бағыттарды меӊгеруге мүмкіндік береді. Өз кәсібін дамыту үшін ізденісте жүрген компания өкілдеріне арнайы бизнесті дамыту тетіктері, маркетинг, командалық жұмыс сынды арнайы бағдарлма бойынша курс әзірленген.

Шақырылған менторлар - АҚШ пен әлемге танымал көшбасшы техникалық жоғары оқу орны MIT-діӊ белді студенттері Кайл Швансон мен Мартин Каррика.

Шеберлік сағаттары мен тренингтер оқушылар мен студенттер үшін СДУ кампусында, ал бизнес өкілдері үшін Алматы SmArt.Point коворкинг-орталығында өткізіледі.

Курстан өту үшін http://sdu-mit.tilda.ws/ сайтында алдын ала тіркелу қарастырылған, әрі курс бағдарламы көрсетілген. Дәріс ағылшын тілінде өтеді. Курс соӊында тыӊдармандар MIT стандартарына сай арнайы сертификаттарға ие болады.

Айта кеткен жөн, СДУ Массачусетс технологиялық институтымен екіжақты серіктестікті нығайту мақсатында ауқымды жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта басқа да сұранысқа ие салалар бойынша білім беру жобалары жүзеге асырылмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны