03.07.2017, 14:30 4745

Алматыда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудыӊ үйлестіру кеӊесі өтті

Алматыда қала әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысы өтті. Жиын барысында халықтыӊ мобильді топтарыныӊ әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымдар нысандарына бейімделу мәселесі, инклюзивті білім берудіӊ проблемасы мен болашағы қаралды.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда қала әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысы өтті. Жиын барысында халықтыӊ мобильді топтарыныӊ әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымдар нысандарына бейімделу мәселесі, инклюзивті білім берудіӊ проблемасы мен болашағы қаралды.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Айгүл Ахметова егер 2016 жылы әлеуметтік қолдауға мүмкіндігі шектеулі 13 мыӊ адам қамтылып, оларға 2,1 млрд. теӊгеніӊ көмегі көрсетілсе, биылғы 2017 жылы 22 мыӊнан астам азаматқа әлеуметтік қолдау көрсету үшін 4,1 млрд. теӊгеніӊ бөлінгенін айтты.

"Өткен жылы артығымен бөлінген қаржыныӊ арқасында алғаш рет қосымша жоғары сапалы техникалық бұйымдар сатып алынып, мүгедектерге көрсетілген әлеуметтік көмектіӊ аясы ұлғайды. 2017 жылы 836 мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Германия мен Польшадан құны 200 миллион теӊгеден асатын 958 орындық - арба сатып алынды.Құны 593 млн. теӊге болатын 2543 дана заманауи сурдо-тифлотехникалық бұйым сатып алынып, 2 мыӊнан астам адамға таратылды, сонымен қатар бағдарламалармен және дауыс синтезімен жабдықталған ноутбуктер, оқу машиналары да алынды. 2012 жылдан бері кезекте тұрған мүгедектердіӊ барлығы қажетті жабдықтармен толық қамтылады", - деді А.Ахметова.

Қалада инклюзивті білім беруге айрықша назар аударылуда. Бүгінгі күні Алматыда ерекше күтімді қажет ететін 36 бала бес мектепте білім алса, 17 балдырған үш бала бақшада тәрбиленуде, 276 студент үш оқу орнында дәріс алуда. 36 мектепте мыӊнан астам баланы қамтыған коррекциялық - даму сыныптары бар, психологиялық- педагогикалық коррекцияныӊ 7 кабинет жұмы сітейді, бұларда 877 балаға көмек көрсетілді, ал 4 психологиялық -медициналық консультацияларда 5588 балдырған тексеруден өтті.

Биылғы жылдыӊ мамыр айында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті кәсіби білімніӊ Ресурсты орталығы ашылды. Мұнда жыл аяғына дейін 500 мүгедекке білім берілетін болады.

Аумағы шағын өз бетінше жетілуге мол мүмкіндік береті көлемі шектеулі үйлер жүйесін дамыту жұмысы қарқын алуда. Мұнда әір мүгедектіӊ жеке мүмкіндігі анықталып, олардыӊ отбасында бейімделуіне ықпал етеді. Ментальді ауытқушылығы бар 65 мүгедек үшін үш Орталық ашуға 60,7 млн. теӊге мен Медеу ауданында кеӊсе бөлінді.

Мүгедектердіӊ спорттық шынығуына да жете назар аударылады. Қалада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін "Алматыныӊ спорт клубы" жұмыс істейді. Қозғалысы шектеулі, көзі нашар көріп, құлағы естімейтіндер мұнда жүзумен, жеӊіл атлетикамен, футболмен, еркін күреспен, волейболмен, арба теннисімен, басқа да спорт түрлерімен айналысады. Жаӊа спорт нысандары мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты етіп салынуда.

Қала басшысыныӊ ткіелей тапсырмасы бойынша қазіргі кезде мүгедектерді әлеуметтік нысандар мен көліктік құрылымдарға, саябақтар мен скверлерге, мәдени орындарға бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, әр ауданда инклюзивті балалар алаӊдарын жасау қарастырылған, ал Абай атындағы МАТОБ осындай орынныӊ жобасын жасап, тиісті жұмысты бастап кетті. Қала басшысы бұл жұмысқа қаланыӊ барлық әлеуметтік институттары мен үкіметтік емес ұйымдарын кеӊінен тарту қажеттігін қадап тұрып айтты.

"Өмір бір - ақ рет беріледі, тек уәде берумен ғана шектелмей, мәселені бірден қолға алып, бірден шешу қажет", - деді Б.Байбек және бөлінген қаржылардыӊ барлығыныӊ ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын барысында "К. Иманалиев" атындағы мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ құқығы жөніндегі комиссия төрағасы Виниамин Алаев Үйлестіру кеӊесі мүшелерініӊ ашық дауыс беру жолымен екі жылдық мерзімге қала әкімініӊ штаттан тыс кеӊесшісі болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны