08.11.2018, 15:04 7466

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында қалалық байқау өтті

Балалардыӊ өнері әртістік өнер, сахнадағы шеберлік, орындаушылық шеберлік, имидж, өзін-өзі таныта алуы секілді критерийлер бойынша бағаланды.

Алматы. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы президентініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ аясында мүгедек, мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ арасында алғаш рет "Өмір үндері" атты қалалық байқау- фестиваль болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқауды Алматы қаласы білім басқармасы мен Бостандық ауданы әкімдігініӊ қолдауымен Халықаралық бизнес академиясыныӊ колледжі ұйымдастырды.

"Байқаудыӊ басты мақсаты қайырымдылық, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсеті. Балаларға өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, сахна төріне шығуға, өздерін қоғамныӊ толыққанды мүшелері ретінде сезінуіне мүмкіндік беру", - деді коледж директоры Альфия Хисматуллина.

Байқауға Островский атындағы көз жанары әлсіз көретін және зағип балаларға арналған №4 арнайы мамандандырылған мектеп-интернаттан, жүріс-тұрыс ағзаларында ақаулары бар балаларға арналған №2 арнайы коррекциялық мамандандырылған мектеп-интернаттан, балалар үйлерінен, "Рух" және "Кеӊес" орталықтарынан 12 мен 20 жас аралығындағы 33 бала қатысты. Қазылар алқасыныӊ назарына балалар вокалды-аспаптық 22 көрініс ұсынды.

"Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған вокал байқауы - бұл өзіндік бір "ноу хау". Қазір біз бірақ бұл балаларды мүмкіндігі шектеулі балалар деп емес, мүмкіндіктері шектеусіз балалар деп атаймыз. Біз бұл байқауды өткізуді қолға алған сәтте оған 5 бала келер деп ойлаған едік. Қарап отырсақ, ән айтатын және музыкалық аспаптарда ойнайтын балалардыӊ көптігіне көзіміз жетіп, олардыӊ өз интернаттарында сахнаға шығу мүмкіндіктері жоқтығын көріп осында шақырдық. Осы байқау арқылы біз олардыӊ проблемаларына бей-жай қарай алмайтынымызды көрсеткіміз келді", - дейді директор.


Балалардыӊ өнері әртістік өнер, сахнадағы шеберлік, орындаушылық шеберлік, имидж, өзін-өзі таныта алуы секілді критерийлер бойынша бағаланды.

"Біздіӊ интернаттан ән айтатын екі бала, сондай-ақ, 4 қыздан құралған "Айгөлек" атты бишілер тобы қатысуда. Біз байқауға барынша әзірлендік. Ир баламен дайындыққа аптасына екі рет бір жарым сағаттан уақыт жұмсап, емдік денешынықтыру, массаж және басқа да процедуралардыӊ арасынан уақыт таптық. Ир байқауға біз жеке-жеке баланы дайындаймыз. Бүгінгі байқауға өткен жылы қатыспаған балалар келіп отыр. Біз әрбір бала өзін сахнада сынап көруін, әділеттілік болуын қаладық", - дейді №2 интернаттыӊ музыкалық жетекшісі Мунира Сәлім.

Байқау соӊында қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар мен сый-сыяпаттар ұсынылды. Ал жеӊімпаздар үш орын бойынша кубоктар еншіледі. Олардыӊ жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны