19.10.2018, 20:54 5855

Алматыда "Мұзбалақ" анимациялық фильмініӊ тұсаукесері өтті

Авторлар "Мұзбалақ" атты анимациялық фильмі арқылы тарих қойнауына еніп, жоғалып бара жатқан, қазақтыӊ ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениетін көрсету арқылы, адаммен бүркіт арасындағы сенім негізіне құралған достықты жас ұрпақ санасына сіӊіруді көздейді.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Kinoplexx Sary Arka" кинотеатрымен бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен балалар үйініӊ тәрбиеленушілеріне және уақытша ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға "Мұзбалақ" атты жаӊа толықметражды анимациялық фильмініӊ қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.

Бүркіт пен адамныӊ достығы туралы баяндайтын бұл мультфильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген. Фильмді режиссер-аниматорлар - Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы жасап шыққан.

Авторлар "Мұзбалақ" атты анимациялық фильмі арқылы тарих қойнауына еніп, жоғалып бара жатқан, қазақтыӊ ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениетін көрсету арқылы, адаммен бүркіт арасындағы сенім негізіне құралған достықты жас ұрпақ санасына сіӊіруді көздейді.

Қайырымдылық көрсетілімге келген балалар фильмніӊ ерекше ұнағаны және әр кейіпкерлерін қызыға тамашалағандары туралы айтты. Сондай-ақ оларды "Kinoplexx Sary Arka" кинотеатры ұсынған тәтті тағамдар мен фильм авторлары ұсынған сыйлықтар ерекше қуантты.

Сол күні кешке "Kinoplexx Sary Arka" кинотеатрында "Мұзбалақ" анимациялық фильмініӊ тұсаукесері өтті. Мерекелі кешке жиналған көрермендерге картинаныӊ режиссерлері - Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы, сценарий авторларыныӊ бірі, қоюшы суретшілердіӊ бірі Адай Ибілда, саундтректіӊ орындаушысы, әнші Ұшқын Жамалбек жаӊа мультфильм туралы өз ойларын айтты.

- Біз осы "Мұзбалақты" жасаудан бұрын "Тастүлек" атты қысқа метрлі анимациялық фильмді аяқтаған кезіміз, "Қазақфильмге" Бақыт Ғафуұлы басшы болып келген болатын. Ол кісі анимация бөліміне келіп біздіӊ "Тастүлек" анимациялық фильмімізді көріп, ұнатып, көӊілінен өткеннен кейін, осы фильмді ары қарай толықметражды етіп жасауды тапсырып, қолдайтынын айтты. Содан бастап осы тақырып негізінде жаӊа толықметражды "Мұзбалақ" мультфильмініӊ сценарйын жаздық, жаӊа кейіпкерлерді қостық және экшн жанрында түсіреміз деп шештік. Енді міне, Бақыт Ғафуұлыныӊ арқасында "Мұзбалақ" анимациалық фильмініӊ тұсаукесеріне жиналып, бас қосып отырмыз, - деді Тілек Төлеуғазы.

Екі жыл көлемінде жасалған бұл фильмде 40-қа жуық кинематографияныӊ осы жанрында еӊбек етіп жүрген отандық мамандар істеген. Ұзақтығы 67 минут құрайтын мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Иділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.

- Бес жасар бүркітті қазақ Мұзбалақ дейді. Қазақ бұл тәкаппар құсқа жас ерекшелігіне қарай ат қояды. Біз аӊға шықпасақ та, аӊшылардыӊ әӊгімесін тыӊдап өстік. Үлкендермен еріп, аӊды қалай тұзаққа түсіруге болатынын да шет жағалап көзімізбен көрдік. Қыранды қалай қондырып, тұғырына қалай отырғызу қажеттігін, атты қалай баптап, қалай жарататынын, құсты қалай қолға ұстауға болатынын біздей ешкім білмесі анық, - деді Тұрдыбек Майдан.

Айта кетсек, "Қазақфильм" киностудиясы екі бірдей толықметрлі анимациялық фильмді өндірді. Үстіміздегі жылдыӊ қараша айыныӊ соӊында режиссер Адай Ибілданыӊ тарихи тұлға, қолбасшы Күлтегін туралы түсірілген анимациялық картинасы жарық көреді.

Аннотация:

Ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналап келе жатқан абжылан оянып, жер бетіне шығып, маӊайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады. Ақыры абжылан қайта жер астына қашып жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылып, өзініӊ айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді.

Анықтамалық ақпарат:

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: толықметрлі анимациялық фильм

Тілі: қазақ

Қоюшы режиссерлері: Тілек Төлеуғазы және Тұрдыбек Майдан

Сценарий авторлары: Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Ибілда

Қоюшы суретшілері: Адай Ибілда, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы

Композиторы: Исет Даненов

Монтаж: Тілек Төлеуғазы

Фильм директоры: Ербол Бораншы

Дыбыс режиссері: Жеӊіс Екпін

Редакторлар: Жамаш Ержанат, Салтанат Дүнгенбаева

Мәтін редакторы: Болат Жетекбай

Дыбыстарды жазған: Сергей Фигнер

Дыбыс үйлестіруші:Виталий Ткаченко

Қоюшы режиссерлердіӊ фильмографиясы:

Тұрдыбек Майдан

1999-2001 ж. Қытайдыӊ Шәндұӊ өлкесіндегі Хызы қаласында көркем сурет колледжын оқыған. 2005-2010 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында "Анимация режиссурасы" мамандығын бітірген.

Фильмографиясы:

"Илін білмеген" - 2008(4 минут)

"Ақ қаз" - 2010(10 минут)

"Тастүлек" - 2014( 23 минут)

"Бақыт жолында" - 2015(12 минут)

"Мұзбалақ" - 2017(65 минут)

Тілек Төлеуғазы

2006 - 2011 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын да "Анимация режиссурасы" мамандыған бітірген.

Фильмографиясы:

"Нүктелер" - 2009 (3 минут)

"Бөгде" - 2010 (6 минут)

"Тастүлкк" - 2014 (23 минут)

"Иесі оралған мысық" - 2015 (12 минут)

"Мұзбалақ" - 2017(65 минут)

Анықтама:

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Анимациялық кино" шығармашылық-өндірістік бірлестігі 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде 36 қысқаметражды анимациялық фильм (жылына орта есеппен 6 фильмнен), сондай-ақ, қазақ анимациясы тарихында тұӊғыш рет 3D форматта, "Ер Төстік" қазақ халық ертегісін негізге алған жоба - "Ер Төстік және Айдаһар" толықметражды анимациялық фильмі түсірілді.

2009 жылы "Қазақ елі" анимациялық сериалы өндіріске жіберілген болатын. (Н.И. Назарбаевтыӊ "Тарих толқынында" атты еӊбегі бойынша) 20 сериялы туындыныӊ тұсаукесері, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласында өтті. Ал қалған сериялары 2012 жылы аяқталды.

2015 жылы Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақстан - біздіӊ ортақ шаӊырағымыз" ("Казахстан - наш общий дом") атты анимациялық фильм топтамасыныӊ тұсауын кесті. Бұл түрлі халықтардыӊ еӊ қызық әӊгімелерін топтастырған әрқилы ертегілердіӊ бірегей жинағы болып табылады. Аталған анимациялық топтама, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастамасы бойынша, Қазақстан Халықтары Ассамблеясыныӊ 20 жылдығына арналған. Топтаманыӊ "Қазақстан - біздіӊ ортақ шаӊырағымыз" атты кіріспе бөлімінде, еліміздіӊ тарихы мен мәдениеті жайында, сондай-ақ, бейбітшілік пен келісім жағдайында 130-тан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатқан қазіргі тәуелсіз Қазақстан жайлы баяндайды. Қалған сегіз фильм халық ертегілерініӊ желісі бойынша жасалған.

"Қазақфильм" киностудиясы өз тауашасын тауып және халықаралық кинофестивальдерде де өзін мойындатып келеді. Мысалы, 2011 жылы "Аӊшы" мультфильмі (реж. А. Ибілданов) Ресейде ХКФ арнайы жүлдесіне ие болса, "Мақтаншақ қыз" фильмі (реж. Р. Усманов, Ю. Тхай, Қ. Коӊырқұлжаев) Испаниядағы ХКФ бас жүлдені жеӊіп алды және "Анимаевка" АФФ дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, "Ер Төстік және Айдаһар" толықметражды анимациялық фильмі Пусандағы ХКФ көрсетілді. Ал "Қазақ Елі" толықметрлі анимациялық фильмі жақында Барселонада өткен азия елдері кинофестивалініӊ (Asian Film Festival) конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны