31.08.2018, 14:26 10129

Алматыда "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламалары тұрғын үйді іске қосу деӊгейін арттырды

Мегаполис әкімі Елбасыныӊ бастамасы аясындағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша Алматыда 5,1 млрд. теӊгеге тұрғын үй несиесініӊ 36%-ы берілгенін атап өтті. Оныӊ үстіне елімізде ұсынылған 1,5 мыӊ пәтердіӊ 40% -ы да осында.

Алматы. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламалары тұрғын үйді іске қосу деӊгейін арттырды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты.

Мегаполис әкімі Елбасыныӊ бастамасы аясындағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша Алматыда 5,1 млрд. теӊгеге тұрғын үй несиесініӊ 36%-ы берілгенін атап өтті. Оныӊ үстіне елімізде ұсынылған 1,5 мыӊ пәтердіӊ 40% -ы да осында.

"Елбасыныӊ "Бес әлеуметтік бастамасы" бойынша таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады. Қазірдіӊ өзінде 4 мыӊ орынды 7 нысанныӊ құрылысы басталды. Олардыӊ төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі. Өз кезегінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы қалада тұрғын үй салу деӊгейін 7,5%-ға дейін көтерді. Бұл осы жылдыӊ 7 айы ішінде 1 млн. шаршы метрден астам үй салынғанын көрсетеді", - дғеп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, "Алматы жастары" қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша соӊғы екі жылда Алматы әкімдігі 3 млрд. теӊге бөлді. Егер өткен жылы 100-ден астам жас отбасылар жеӊілдетілген жағдайда пәтер алса, биылғы жылы 200 пәтер бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны