25.05.2010, 13:53 5702

Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театр фестивалі өтеді

Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театр фестивалі өтеді

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 2010 жылғы мамыр айының 26 мен 30 аралығында Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамының хабарламасына сілтеме жасап.

Қордың хабарлауынша, бұл шара Қазақстан Республикасындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы аясында өткізілетін жалпы республикалық іс-шаралар жоспарына енгізілген.

Фестивальға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның театр өнерінің майталмандары қатысады деп күтілуде. Фестиваль құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі болып табылады.

Фестиваль Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында өткізіледі. Фестивальдің басты мақсаты: театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру; кәсіби қатынасқа, серіктестік қатынастың пайда болуына, бірлескен шығармашылық жобаларға жағдай жасау; театрлық үдерістің жаңа қазіргі заман түрлеріне театр жұртшылығының назарын аудару болып табылады.

Фестиваль жеңімпаздарын арнайы жасақталған қазылар алқасы 13 номинация бойынша белгілейді. Қазылар алқасын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі бекітеді. Қазылар алқасының бір мүшесін Қазақстан театр қайраткерлері одағы ұсынады. Қазылар алқасының құрамына театр танушылар, актерлер, режиссерлер, драматургтар, суретшілер және Фестивалге қатысушы елдердің шығармашылық зиялы қауымының өкілдері кіреді.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтары, қазылар алқасы мүшелері мен театр сыншылары 25 мамырда "Король Лир" байқаудан тыс қойылымын, 26 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайындағы көне экспонаттарды тамашалайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны