03.07.2013, 10:42 11928

Алматыда өртке оранған 4 үйдің шығыны есептелді

"Демалыс күндері арнайы құрылған комиссия түн ортасына дейін жұмыс істеді. Олар жалынға оранған пәтерлерді аралап, жағдаймен танысты. Соның негізінде алғашқы төрт пәтердің шығыны есептеліп отыр. Қазір шығын өтемақысын төлеуге келісімдерге қол қойылуда",-деді К. Свиридов.

Алматы. 3-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда өртке оранған 4 үйдің шығыны есептелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 27-ші маусымдағы өрттен зардап шеккен 4 пәтердің шығыны есептелді. Бұл туралы компаниясының бас директоры Константин Свиридов хабарлады.

"Демалыс күндері арнайы құрылған комиссия түн ортасына дейін жұмыс істеді. Олар жалынға оранған пәтерлерді аралап, жағдаймен танысты. Соның негізінде алғашқы төрт пәтердің шығыны есептеліп отыр. Қазір шығын өтемақысын төлеуге келісімдерге қол қойылуда",-деді К. Свиридов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін барлық құжаттарға қол қойылған соң компания "бағаланған" пәтер иелеріне өтемақы төлеуді бастайды. Одан соң жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Пәтер иелеріне келген шығынды арнайы құрылған комиссия мүшелері есептеген. Оның құрамында жергілікті атқарушы билік, бағалаушы компания өкілдері мен зардап шеккен азаматтар сайлаған тәуелсіз бақылаушылар болды.

Естеріңізге саламыз, бүгін сағат 11-де қала әкімі А.Есімов бензовоздың жарылуынан зардап шеккен үйде болып, екі айдың ішінде баспаналарды қайта қалыпқа келтіруге уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны