05.07.2006, 18:41 3122

Алматыда осы жылдың қыркүйек айында ақпараттық технологиялар паркі ашылады

АЛМАТЫ. 5-шілде. Kazakhstan Today. Ақпараттық технологиялыр паркі үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ашылады. Бұл жөнінде бүгін “Инвестициялар Қазақстанның болашағы үшін” атты халықаралық конференция барысында индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біз бірқатар маңызды, ғылыми болашағы бар инвестициялық жобаларды қолға алдық, оның бірі – ақпараттық технологиялар паркінің инфрақұрылым құрылысы”,-деді В.Школьник . Парктің ресми ашылу рәсімі қыркүйек айына белгіленген. Министрдің айтуынша , қазіргі кезде меморандумға қол қойылып , ірі компания басшыларымен келіссөздер жүргізілуде. Владимир Школьник, Англиялық компанияларға жобаға атсалысуға ұсыныс жасады.

Осыған дейін жоспарланғандай, ақпараттық технологиялар паркі осы жылдың тамыз айында ашылуы тиіс еді. Ядролық физика институты базасында технопарк ашу туралы шешім 2003 жылы ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қабылданған. Парктың міндеті, ақпараттық технологияларды дамыту және ядролық физика институтының тікелей бағыты - радионуклидттерді медицинада және өнеркәсіпте қолдану. “Инжиниринг және технологиялар трансферт” АҚ-ына парк құруда Сингапурдың “Джуронг” компаниясы кеңес беруде. Бұл компания Бангалор технопаркі мен Қытайдағы бірқатар технопарктерді басқарушы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны