02.04.2007, 09:30 1413

Алматыда өткен тәулікте жол апаттарынан 13 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда өткен тәулікте жол апаттарынан 13 адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, мекеме ақпаратына сәйкес, Алмалы ауданында Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында 1-сәуірде 23 сағат 26 минутта "Мицубиси", "Фольксваген" және "Ауди" автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Фольксваген" және "Ауди" көлігінің жүргізушілері мен үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Тағы да екі жол апаты Медеу ауданында болды. 1-сәуір күні 24 сағатта Тәтібеков пен Северная көшелерінің қиылысында "Ауди", "Тойота" және "Мицубиси" автокөліктері соғысты. Үш жолаушы мен "Мицубиси" көлігінің бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, Достық даңғылы мен Қажы Мұқан көшесінің қиылысында 2-сәуірде 0 сағат 10 минутта "Мицубиси", екі "Тойота" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты. Соның салдарынан төрт жүргізуші де түрлі дәрежелі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны