28.05.2007, 16:16 2848

Алматыда полиция КТК-ның әкімшілік директорын құрықтады; телеарнаның бас директорының тағдыры белгісіз

АЛМАТЫ. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда полиция КТК-ның әкімшілік директоры Иділ Шаріповты құрықтады; телеарнаның бас директоры Руслан Жемковтың тағдыры белгісіз, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне әріптес журналистер.

Олардың ақпараттарына сүйенсек, И. Шәріповты жұмада Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Арнаулы шұғыл әрекет ету отрядының сарбаздары ұстап әкеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екендігі беймәлім.

Сонымен қатар, жұмадан бері Руслан Жемковтан еш хабар жоқ. Ол туған-туыстарымен де, әріптестерімен де байланысқа шықпай отыр.

Бүгін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов Астанадағы брифингтің аяқталуына орай журналистердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып: "құрықтау (Шәріповты) дерегі жөнінде менің еш хабарым жоқ",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны