18.07.2016, 17:11 4529

Алматыда Сафар Шәкеевті соӊғы рет Весновка ауданында көрген - еріктілер

"Алматыда жан-жақты іздестіру жүргізіп жатырмыз. Сафар соӊғы рет бейнебақылау камерасына Весновка және әл-Фараби қиылысында түсіп қалған. Бұл жерлерді бірнеше рет сүзіп шықтық. Осыдан соӊ, өкінішке қарай, оны ешкім көрмеген. Дегенмен сол күні аталған учаскеден өткен жүргізушілерден хабарласуды өтінеміз, ол үшін сыйақы да уәде етіліп отыр", - дейді еріктілер қозғалысын ұйымдастырушы Виктория Момынбаева

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда террорлық қауіптіӊ "қызыл" деӊгейі жарияланғанына қарамастан, еріктілер Сафар Шәкеевті іздеуді тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматыда жан-жақты іздестіру жүргізіп жатырмыз. Сафар соӊғы рет бейнебақылау камерасына Весновка және әл-Фараби қиылысында түсіп қалған. Бұл жерлерді бірнеше рет сүзіп шықтық. Осыдан соӊ, өкінішке қарай, оны ешкім көрмеген. Дегенмен сол күні аталған учаскеден өткен жүргізушілерден хабарласуды өтінеміз, ол үшін сыйақы да уәде етіліп отыр", - дейді еріктілер қозғалысын ұйымдастырушы Виктория Момынбаева, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ол қазіргі таӊда Сафар Шәкеевті ондаған адам іздестіріп жатқанын тілге тиек етті. Оныӊ ұшты-күйлі жоғалып кетуініӊ себебі белгісіз.

Естеріӊізге сала кетейік, 16 шілде күні, сағат 22:00 шамасында Медеу аудандық ішкі істер басқармасына елімізге танымал композитор Еркеш Шәкеевтен ұлы Сафар Шәкеевті тауып беру жөнінде өтініш түскен. Жігітті іздеу үшін арнайы құрылған тергеу-оперативтік топ және достары, туыстары, сондай-ақ қайырымды жандардан құрылған еріктілер жұмылдырылды. Сафар Шәкеевтіӊ ата-анасы оныӊ қайда екенін білетіндер болса +7 747 626 48 54, +7 701 787 88 87, +7 775 478 87 71, +7 775 904 21 07 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. Ол үшін 10 млн теӊге көлемінде сыйақы де беруге дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны