02.03.2012, 15:03 4140

Алматыда "Саламатты Қазақстан" бағдарламасын іске асыру барысы мен 2012 жылға арналған міндеттерді атқаруға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті

Жиынға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Роза Қуанышбекова, аудан әкімдері, қалалық басқарма жетекшілері, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, барлық медицина мекемелерінің басшылары қатысты.

Алматы. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қатысуымен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру барысы және 2012 жылға арналған міндеттері жөніндегі кеңейтілген алқа отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жиынға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Роза Қуанышбекова, аудан әкімдері, қалалық басқарма жетекшілері, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, барлық медицина мекемелерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында Салидат Қайырбекова: "Денсаулық сақтау саласының мәселелері мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары болып қала береді",-деп атап өте келе, "ҚР Президентінің "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауы оған дәлел. Жолдауда медициналық қызметтің қолжетімділігін және сапасын арттыру, салауатты өмір салтын алға бастыру сияқты маңызды бағыттар белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмалары "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары арқылы іске асырылуда. Атап өту керек, Алматы қаласында медициналық ұйымдардың басым көпшілігі шоғырланған. Соңғы 10 жылда қаланың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 11 есеге артты. Тек 2011 жылдың өзінде Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесіне республикалық бюджеттен мақсатты трансфертпен 10,4 млрд. тенге бөлінді. "100 мектеп, 100 аурухана" жобасына 25 млрд. тенге бөлінді. Бұл тек мол мүмкіндіктер беріп қана қоймай, науқастар мен қала тұрғындары алдында зор жауапкершілік жүктейді",-деді.

Министр сондай-ақ, "Алматыда тұрғындардың жалпы өлім-жітім коэффициенті 3 пайызға, туберкулезбен сырқаттанушылық 3 пайызға және қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану 10 пайызға төмендегені байқалады",-деп атап өте келе Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасының жұмысына оң баға берді.

"Егер 2010 жылы жоғары мамандандырылған көмекті (ЖМК) 967 адам алса, 2011 жылы 7 мыңнан асты. Өткен жылы қалада стационарлық көмектің жалпы қаржыландырылуы бойынша жоғары мамандандырылған көмектің үлесі 2,2 млрд. тенгені құрады. 2011 жылы қысқа мерзім ішінде клиникаларда ЖМК көрсету көлемі 8 есеге өсті. Дегенмен, жедел көрсеткіштер бойынша созылмалы аурулардың асқынуымен ауруханаларға жатқызылғандардың 18 пайызын емханаларда да емдеуге болар еді. Жедел көрсеткіштер бойынша жарақатпен және хирургиялық патологиямен ауруханаларға жатқызылғандардың 6 пайызы амбулаториялық емдеуге мұқтаж болғандар. Сондықтан емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жоспарлы жатқызуды ұйымдастыру қажет",-деді Денсаулық министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны