24.07.2015, 13:45 3674

Алматыда селден зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында есепшот ашылды - ҚР ІІМ ТЖК

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласында сел тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін штаб құрылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматы қаласыныӊ Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы сел ағынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін штаб құрды. Ол Алматы қаласы Достық даӊғылы, 160 мекенжайы бойынша Кәсіпкерлерді қолдау орталығында орналасқан (тел. 8 727 331 01 33). Штабта азық-түлік, киім және т.б. жиналады. Штабтыӊ жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондай-ақ зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетушілер үшін RBK BANK, ИИК KZ 088210339812162864 есепшоты ашылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны