30.07.2015, 18:06 3518

Алматыда селден жапа шеккендерге көмекке келген жапондық азаматты тонап кетті

Селден жапа шеккендерге көмекке келген жапондық азаматты белгісіз біреулер тонап кетті. Yoshihiro Suzuki (Йошихиро Сузуки) басына түскен қиын жағдай туралы Наурызбай аудандық ІІБ-на арызданған

Алматы. 30 Шілде. Kazakhstan Today - Селден жапа шеккендерге көмекке келген жапондық азаматты белгісіз біреулер тонап кетті. Yoshihiro Suzuki (Йошихиро Сузуки) басына түскен қиын жағдай туралы Наурызбай аудандық ІІБ-на арызданған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек ҚР ҚК 188 бабы бойынша сот алды бірыӊғай тергеу ісі тізілімінде тіркелді. Наурызбай аудандық ІІБ-да жедел іздестіру тобы құрылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Шетелдік азамат сол мезетте аулалардағы лай балшықты тазалауға көмектесіп жатқан. Сол мезетте сыртта тұрған көліктен сұғанақ қолдар жапон азаматыныӊ сөмкесін алып кеткен.

Оныӊ айтуынша, сөмкеде шетелдік азаматтыӊ құжаттары, банк картасы, ақшасы болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны