31.08.2018, 14:29 11230

Алматыда "Сергек" камерасы іске қосылды

"Сергек" қазірше тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Демек, камералар жол ережесін бұзғандарды анықтағанымен, оларға айыппұл жазылмайды.

Алматы. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда "Сергек" камерасы іске қосылды. Тас жолдағы тәртіпті мұқият бақылайтын бейнекамераныӊ бұл түрі әзірге тек Абай даӊғылы мен Сейфуллин көшесініӊ қиылысында орналасқан. Ал жақын күндері Шевченко және Панфилов көшелеріне де қойылмақ, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

"Сергек" қазірше тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Демек, камералар жол ережесін бұзғандарды анықтағанымен, оларға айыппұл жазылмайды. Жүргізушілерге мұндай рақымшылық қашанға дейін жалғасады?

"Бүгінгі күні қалада бір аппараттық жүйе қойылды. Ол Абай даӊғылында орналасқан. Негізі, оны қояр алдында әрине, көп жұмыс атқарылады. Полиция көлік еӊ көп жүретін жерлерді таӊдап, автобус пен велосипедтіӊ арнайы жолдары бар көшелерге 20 шақты аппараттық жүйе орналастырады. Ирине, бірден айыппұл жазыла бастамайды. Ол алдымен 2018 жылдыӊ соӊына дейін пилоттық режимде жұмыс істейді. Еӊ бастысы, көлік жылдамдықты асырса, айыппұл салады. Сондай-ақ, қызыл бағдаршамға өткенде және автобус пен велосипедтіӊ арнайы жолдарына шыққанда, айыппұл салынады", - деді жобаны жүзеге асырушы компания жетекшісі Исет Аxметов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны