05.06.2007, 15:25 3217

Алматыда "Столичный центр" тұрғын үй кешені үйлерінің бірінде жарықшақ пайда болды - газет

Алматыда "Столичный центр" тұрғын үй кешені үйлерінің бірінде жарықшақ пайда болды - газет

АЛМАТЫ. 5 - маусым. Kazakhstan Today. "Базис-А" корпорациясының сендіріп бағуына қарамастан, оның Алматыда салған "Столичный центр " тұрғын үй кешені үйлерінің бірінде жарықшақ пайда болған, деп жазады "Литер" газеті.

"Мамандардың "Столичный центр " тұрғын үй кешенінің ғимараттары келешекте отыруы мүмкін деген қауіптері расталып отырған сияқты",- деп жазады газет сенбілік нөмірінде.

Мақала авторы, "оқиғаның бұлай өршуін "Базис-А" құрылыс корпорациясы нысанды пайдаға берудің алдында "Қазстройкомитет" сарапшыларының ескерткендігін еске сала кетті. "Сарапшылар ғимараттың жобасынан өте үлкен олқылық тауып, олардың пайымдауынша, осы олқылық нысанның шөгіп кетуіне әкеп соқтыратындығын ескерткен болатын. Исіресе жер сілкіну қаупі жоғары Алматы үшін қатерлі екенін ескерткен",- деп еске салып отыр басылым.

Бірақ "Базис-А" корпорациясының басшылығы мамандардың болжамын жоққа шығарған. "Бұл үшін біздің ғимараттың шатырына арнайы машина орнатылды, ол Рихтер шкаласы бойынша жеті балл қуатына парапар келетін дүмпу туғызды . Осыдан кейін нысан реабилитацияланып, кешен пайдалануға берілген",- делінген мақалада.

Сонымен қатар, мақалада атап көрсетілгеніндей, "Столичный центр " - "Базис-А" корпорациясы салған нысандардың арасынан шөгіп кеткен жалғыз құрылыс емес. Атап айтқанда, газеттің ақпараттарына сүйенсек, жуықта "Нұрлы тау" ғимаратының қабырғалары да орнынан жылжыған. "Еліміздегі ең ірі бір банк бұл ғимараттың бір бөлігін жалға алған, жертөлені сақтау қоймасы ретінде жабдықтаған. Бір күні есіктің құлпы ашылмай қалған, оның себебін мұқият тексере келе ғимараттардың қабырғалары орнынан қозғалғаны, соның салдарынан есікті қысып, оның құрылымының бұзылуына әкеп соқтырғандығы белгілі болды",- делінген мақалада. Сонымен қатар, басылымның жазуына қарағанда, "одан әрі тексеру барысында тірек бағанның қисаюы секілді басқа да кемшіліктер анықталған".

Сондай-ақ "Литер" газетінде жарияланған мақаланың авторы "Базис-А" корпорациясының сәтсіздіктерін одан әрі де жалғастыра беруге болатындығына" сендіруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны