06.07.2007, 15:58 3568

Алматыда тағы бір жаңа мешіт салына бастады

АЛМАТЫ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Алматының Алмалы ауданында тағы бір жаңа мешіт құрылысы символдық капсула салудан басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін біз Жұмысшылар кентінде қала бойынша осымен 27-ші мешіттің іргетасын қаладық", - деді салтанатты рәсімде Қазақстанның бас мүфтиі Ибсаттар қажы Дербісәлі. Оның айтуынша, мешіт 1700 адамға есептелген. Алматыда қазір 25 мешіт жұмыс істеуде, деді бас мүфти. "Жиырма алтыншы мешіттің іргетасын осыдан бір апта бұрын президенттің өзі қалады", - деді Ибсаттар қажы Дербісәлі.

Құрылысшылардың айтуынша, ғимараттың өзі мен оның күмбезін тұрғызуда озық технологиялар пайдаланылатындықтан, құрылыс жұмыстарын бұл бір жылда аяқтауға мүмкіндік бермек. "Мешіттің ғимаратының биіктігі 27 метр, үш қабатты болмақ. Мешіт құрылысына 3 га жер бөлінген", - деді құрылысшылар.

Құрылысшылар мешіт салуға қажетті қаржының көлемін атаудан бас тартты. Жұмыстардың бәрін аттарын атауды қаламайтын меценаттар мен демеушілер шығарады, деді олар. Олардың айтуынша, мешітке Райымбектің аты берілуі мүмкін.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны