31.07.2012, 15:34 7033

Алматыда тағы екі бауыр ауыстыру отасы жасалды

Бұл туралы бүгін орталық мамандары Алматыда өткен баспасөз мәслихатында жариялады.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығында бауыр ауыстырудан тағы екі операция өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін орталық мамандары Алматыда өткен баспасөз мәслихатында жариялады.

Екі операцияның біреуін Жапониядан арнайы шақырылған профессор Игучи Сусами бастаған дәрігерлер жасаса, екінші операцияға бауыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, жас хирург Данияр Тоқсанбаев жетекшілік етті. Бұған дейін ол бір топ әріптесімен бірге Жапонияда болып, арнайы дайындықтан өткен болатын. Бауыры ауыстырылған науқастардың бірі 21, екіншісі - 32 жаста. Екеуі де цирроздың ауыр түріне шалдыққан. Олардың біріне анасы, екіншісіне інісі бауырын бөліп берген. Айта кетерлігі, донорлық трансплантологияны дамытуға қажетті құқықтық база болғанына қарамастан, қазақстандық азаматтардың көбі қаза болған жақындарының дене мүшелерін басқа адамға беруге келісе бермейді. Сондықтан отандық дәрігерлер туыстық трансплантологияны таңдағандарын айтады. Сызғанов атындағы хирургиялық орталық мамандары 30 жылдың ішінде 600-ге тарта науқастың бүйрегін ауыстырған. Ал былтыр күзде Қазақстанда алғашқы болып бауырын ауыстырған науқастың да, оған донор болған апасының жағдайы да ойдағыдай,-дейді дәрігерлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны